jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда киік атқан браконьерлер ұсталды

12 желтоқсан 2017, 14:49

Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» инспекторлары заңсыз киік аулаған екі браконьерді қолға түсірді. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Сүйектіжыра аумағында «Охотзоопром» инспекторлары «Ямаха» маркалы қаркешуші техникамен кетіп бара жатқан Орал қаласының екі тұрғынын ұстаған. «Оларды тексеру кезінде атылған екі киіктің тұтас еті (біреуінің мүйізі кесілген) пен 16 калибрлі 60 патрон табылған. Браконьерлер ұсталған жерге Бөкей Орда ІІБ-нің жедел-тергеу тобы шақырылды», — деп хабарлайды Сәкен Ділдахмет. Аталған іс бойынша Бөкей Орда ІІБ-мен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бастапқы мәлімет бойынша, браконьерлер табиғатқа 2 269 000 теңге залал келтірген.

 

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң