jasqazaq.kz

Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін сатпақ болған азамат табылды

26 қазан 2017, 12:33

Марқұм Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін сатпақ болған азамат қоғамдық резонанстың туындауына байланысты оны жойып жіберген. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін сатуға қою фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 383-бабы (Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құжатты сатпақ болған азамат табылды. «Сатушының айтуынша, ол жеке куәлікті тауып алып, осы уақытқа дейін сақтап келген. Кейіннен сатуға шығарған. Алайда қоғамдық резонанстың тууына және халықтың тарабынан оның іс-әрекетін айыптаулардың артуына байланысты жеке куәлікті жойып жіберген. Істің мән-жайы анықталу үстінде», — деді Алмас Садубаев. Естеріңізге сала кетсек, 16 қазанда OLX сайтында Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігі сатылымға шығарылды. Құжатты саудаға салған Ануар есімді алматылық әншінің қолы қойылған жеке куәлігіне 1 мың доллар сұраған болатын. Осыдан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Интернетте марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігінің сатылымға шығарылуына байланысты пікір білдіріп, мәліметтер базасында Б.Шүкеновтің құжаты жойылғандығы туралы мәлімет жоқ екендігін айтқан еді. Сонымен қатар ол тергеуге жататын материал ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментіне жіберілгендігін атап өткен-ді.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс