jasqazaq.kz

Батырға құрмет

21 қараша 2017, 11:44


«Қазақ халқында «Өткенсіз бүгін жоқ» деген мақал бар. Сондықтан біз мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағдарламасына сәйкес тарихымызды, рухани құндылықтарымызды жаңғыртудамыз.

Басты мақсат — жас ұрпақты халыққа деген сүйіспеншілікке, өз елінің патриоты болуға, туған жерін құрметтеуге және қорғауға үйрету. Бұл ескерткіштің ашылуы — жастарға үлкен үлгі, өнеге». Бұл туралы «Вайнах» шешендердің Ақтөбе облыстық ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Хасан Сагаев Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған Есет батырдың 350 жылдығына арнайы қойылған ескерткіштің ашылу рәсімінде айтты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жаңғырту бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ақтөбе қаласы Алға ауданы Бестамақ ауылында орналасқан қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған, Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған Есет батырдың 350 жылдығына арнайы ескерткіш ашылды. Оған Ақтөбе облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері, 18 этномәдени бірлестік өкілдері, жастар қанаты, Ақтөбе облысы Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов және «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбеков гүл шоқтарын қойып. Терең құрметке ие болған, қазақ халқы үшін жонғарларға қарсы тұрып, азаттық күресте өз белгілі орны болған қазақ көшбасшысына бас иіп құрмет көрсетті.
«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлағандай, шыны-пластиктен жасалған ескерткіштің биіктігі — 12 метр, салмағы — 1,5 тонна. Келген делегация тобы кейін батырдың мәйтіне барып, құран оқытып, рухына тағзым етті. Есет батырға арналған кесене 1992 жылы салынған, 2013 жылы мемориалдық кешені пайдалануға берілген, кешеннің бір бөлмесі мұражай. Мұражайда батырдың үзеңгілес серіктеріне арналған деректер бар. Сонымен қатар, Есет батырдың қызы Ботагөз батырдың өмірі туралы ақпарат беретін арнайы тақта ілулі тұр. «XVIII ғасырдан жеткен батырдың кіреуке сауыты орналасқан. Сауыт 8 келі болады. Сауыттың түпнұсқасы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталған. Ал көшірмесі батыр жерленген жерде.
Экспедиция қатысушылары ауылдық округте орналасқан жаңа Мәдениет үйінде болып. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соныңда делегация мүшелері ауыл кітапханасына әкелген кітаптарды сыйға тартып, шығармашылық топ концерттік бағдарламасын ұсынды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті