jasqazaq.kz

Басы дауға қалған рудныйлық депутат қыздың ісі сотқа түсті

18 қазан 2017, 10:36

Рудный қалалық сотына жергілікті қалалық мәслихаттың экс-депутаты Юлия Каралашқа қатысты жеңгетайлықпен айналысты деген айыппен қозғалған іс түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экс-депутат қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігінің 2-пункті («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. «Іс материалдары бойынша сотқа шақыртылған тұлғалардың интим мәліметтеріне қатысты болады. (…) ҚР ҚПК-нің 29-бөлігінің 1-бөлігінің талабымен сот тыңдауы жабық тәртіпте өтеді», — делінген соттың хабарламасында. Еске салайық, мұның алдында жергілікті басылымдар Рудный қалалық (Қостанай облысы) мәслихатының депутаты Юлия Каралашқа қатысты «Жеңгетайлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. Сан мәрте арулар сайысына қатысып, жеңімпаз атанған халық қалаулысын қала жұртшылығы жақсы таниды. Өзінің интернет дүкені де бар. Бұған дейін өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінде қызмет атқарып келген.

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті