jasqazaq.kz

Басты ұранымыз – бірлік пен татулық

07 қараша 2017, 17:49

 Елбасы «Әлемдік мәдениет, руханилық пен келісім – бұл біздің қасиетті жеріміздің гүлденуіне күн сайын өздерінің жаны мен жүрегін салатын біздің барлық 17 миллион азаматтарымыздың жанды шығармашылығы. Бізде әрбір этнос өзінің өмірінің өрнегін жасайды, оны өзге этностардың өрнектерімен үндестіреді. Біз бәріміз бірге —  Қазақстан деп аталатын ұлы тарихтың бірегей, түрлі- түсті, бағасы полотноны тудырамыз» — деді. Осы орайда еліміздің ең ірі мегополисі саналатын  Алматы қаласындағы этномәдени орталықтар жұмысы қаншалықты оң бағытта жүргізіліп жатыр деген сауалдың жауабын  «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жаннат Шарапханқызынан білген едік.

 Жаннат Шарапханқызы бірден  Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы әңгімелеп берді. Ол  «Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 2014 жылы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Штатта 20-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Мекеменің негізгі қызметі 4 бөлімнен тұрады. Алғашқысы – сараптау, екіншісі – этномәдени орталықтармен жұмыс істейтін бөлім. Үшіншісі – тілдерді дамыту. Соңғысы – жалпы бөлім. Біздің жұмыстың басты мақсаты – Алматы қаласындағы этномәдени орталық мүшелері арқылы қаладағы саяси-этносаралық, татулық пен толеранттықты орнату. Елбасымыздың жыл сайын жолдайтын, қабылданатын деректі құжаттар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, кездесулер ұйымдастырамыз.

Этномәдени орталықтар арқылы қаламызда тұрып жатқан этностарға президентіміздің, еліміздің саясатын жеткіземіз. Алматы қаласында 34 этномәдени бірлестік тіркелген. Өзге де ұлттың бірлестіктері заң жобасында тіркеуден өткеннен кейін, қалалық ассамблеяға қосыламыз деп отыр. Алматы қаласындағы Қазақстан Халқы ассамблеясының төрағасы, қала әкімі Б.Байбектің басшылығымен әртүрлі кездесу, көп салалы жұмысты бірігіп атқарудамыз. Қала әкімі осы жылдың наурыз айында бүкіл этномәдени орталықтардың басшыларымен кездесті. Жиында істеген жұмысымызбен, болашақтағы жоспарды көрсетіп, есеп бердік», — деді. Осыдан кейін сұрағымызды қоя бастадық.

— Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін ілгерілетуде қандай жұмыс атқарылуда?

Біздің бүгінге дейін атқарған жұмысымыз өте көп. Алғашқы жарты жылдың ішінде жүзден аса шара өткіздік десек артық айтқандығымыз болмас.  Дөңгелек үстел, кездесу, жоғары оқу орындарындағы мерекелік шараға байланысты конференциялар ұйымдастырдық. Сондай-ақ,  9 мамырда әр ауданнан соғысқа қатысқан ардагерлердің тізімін алып, үйлеріне барып, сыйлық табыстадық. Ал, 1 маусым күні «Жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлерімен бірігіп 8 ауданнан мүгедек балалардың тізімін алып, қосымша 100 мүмкіндігі шектеулі жасқа Астана қонақүйінің жанындағы мейрамханада мерекелік кеш өткізіп бердік. Мұндағы мақсатымыз – мүгедек балалар бір күн болса да дертін ұмытып, өздерінің жалғыз еместігін сезініп, елімізге қажет екенін түсінсе деген оймен ұйымдастырдық.

Біздің қалалық ассамблеяның жанында «Аналар кеңесі» деген ұйым бар. Оның төрайымы — Дария Ниязова. Маслихаттың жанында депутаттардан құралған «Ынтымақ» тобының қолдауымен мереке соңында жақсы сыйлық жасалды. Тағы бір қосып кететін жайт, рәміздер күніне орай халықаралық бизнес академиясына да бардық. Онда 30-дан астам ұлттың жастары білім алуда. Міне, солардың да басын біріктіріп, мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, сауалнама жүргіздік. Жеңімпаздарға ассамблеямыздың арнайы футболкасы мен кітабын табыстадық.

— Ел бірлігін нығайтуға этномәдени бірлестіктердің рөлі қандай? Олар қандай үлес қосуда?

Президентіміздің Жолдауы, Жарлығы шыққан сайын, сол арқылы тек қана жиналыстарда емес, Елбасы саясатын әр этностың өкілдерінің үйіне дейін жеткіземіз. Алматы қаласында 2 миллионға жуық тұрғын тұрады. Олардың арасындағы этносаралық тыныштықты, түсіністікті сақтауда этномәдени орталықтың үлесі өте зор. Алматы қаласындағы толеранттық, Президенттің саясатын қолдау арқылы болашағымыздың бір екендігін түсіну. Бір мемлекеттің астында тату тәтті тұрып жатқандығымыздың айғағы.

— Этномәдени бірлестіктердің бір-бірімен қарым-қатынас орнату жағы қандай?

Этномәдени бірлестіктер бірі-бірімен өте тығыз қарым-қатынаста. Дәлел келтірер болсам, былтыр Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған тарихи мұражай ашылды. Мұражай Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр қиылысында орналасқан. Музей ішінде Қазақстан Халқы ассамблеясына арналған орталық бар. Соның ішінде этномәдени орталықтар өз мәдениетін, тілін, ұлттық киімін, аспабын халыққа көрсететін көрме ашып отырады. 1 наурыздан бері 5 этномәдени орталық өзінің көрмесін өткізді. Ең алдымен орыс, ауған, бурят, осетин және өткен аптада қырым татарлары этномәдени орталығының көрмесі ашылды. Ол көрмені кез-келген уақытта барып тамашалауға болады. Бұл үрдіс жылдың соңына дейін жалғасады. Міне, осындай басқосу барысында бір-бірін қолдауға барлық этномәдени орталықтардың басшылары жиналады. 1-мамыр бірлік күніне орай  Абай даңғылының бойында этномәдени орталықтың ұйымдастыруымен 22 ұлттың  мәдениетін көрсетіп, шатыр тігіп, қалашық жасалынған болатын. Мұны алматылықтардан бөлек шетелдік қонақтар да тамашалады. Осындай думанды кештермен халықты қызықтыра алдық деген ойдамын. Өйткені көбінесе өзіміздің ұлттың ғана киімімен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тағамдарымен таныспыз. Ал осы көрменің арқасында өзге мемлекеттің мәдениетін де танып- білуге мүмкіндік туды. Міне, осындай игі істердің барлығын бірлестіктер бас қосып, бірге жасап келеді.

 Салтанат Шырынхан,

Алматы қаласы

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы