Елбасының тапсырмасымен өткен жылдың соңында үкімет «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама отандастарымызға қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған. 15 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Кешенді құжаттың қабылданғанына аз уақыт болса да, еліміздің әр өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.
Мәселен аталған бағдарлама бойынша Батыс Қазақстан облысында 1700-ден астам үй салынуда. Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның 10-ы көп қабатты, 183-і — бір қабатты үйлер. Мысалы, 250 баспана Орал қаласынан 500 шақырым қашықтықтағы алыс аудандарда салынуда. Тұрғын үй құрылысы үшін 120 шақырымнан астам инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылуда. Қазірдің өзінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Бұл өткен жылғыдан 80 пайызға көп. Сондай-ақ жеке құрылыстың арқасында инвестиция көлемі екі есеге өсті. Барлық құрылыс жұмыстары газдандыру және сумен қамтумен қоса жүргізілуде. Биыл бес ауданда 35 елді мекен, соның ішінде 106 әлеуметтік нысан газға, 65 мың тұрғыны бар 55 ауыл орталықтандырылған су көзіне қосылмақшы. Сонда таза ауыз су барлығы 186 ауылға жетеді. көппәтерлі 116 тұрғын үй салынып жатыр. Бұған «Нұрлы жер» бағдарламаларының сүбелі жүзеге асуы сеп. Осы облыстағы Риддер қаласында да қос үйдің құрылысы қызған. Бұл пәтерлерге еліміздің оңтүстігінен көшіп келген отбасылар мен өңірдің кезекте тұрған тұрғындары қоныстанады. Риддер қаласында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын жайлардың қатары көбейе бастады. Биыл да жауапкершілік жүктелген мердігер компания екі үйдің құрылысына бастап кеткен. Қала тұрғыны Людмила Элфимова «Мен қаламызда осындай үйлердің салынып жатқанына қатты қуанамын. Балаларым да жайлы, жылы баспанада тұрса деп армандаймын. Қаламыз көркейіп келеді, халық саны артып жатыр. Бұл – жақсылықтың нышаны» — дейді. Риддерде бүгінде 1400 адам пәтер кезегінде тұр. Оның 700-і тұрғын үй құрылыс банкі арқылы баспаналы болмақ. Риддер қаласы әкімінің орынбасары Сергей Харченко «Салынып жатқан екі үй келесі жылы пайдалануға беріледі. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Тағы 6 үйге сметалық құжаттар әзірлеп қойдық. Қажет қаражатқа өтініш береміз. Келесі жылы құрылысты бастаймыз деп ойлаймын. Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасымен де тұрғын үйлер салу жоспары бар. Қазір Риддерде 256 көпқабатты үй бар. Кәсіпкерлер де бұл санды еселей беруге ниетті. Демек шаһарда жақында баспана мәселесі шешілуі әбден мүмкін», — деп отыр. Біз тек өңірдегі жасалып жатқан жұмыстарға тоқталдық. Еліміздің өзге де облыстары бұл бағдарламаның жақсмылығыг көруде.
Ұлжалғас Боранбай