jasqazaq.kz

Баспанаға мұқтаж жандар жаңа пәтерге ие болды

27 қазан 2022, 12:06

Көптен бері тұрғын үй кезегінде тұрған астаналықтарға Республика күніне орай пәтер кілті табыс етілді. Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа қонысқа негізінен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері ие болды.

Елорда тұрғындары пәтерлерін «Нұрлы жер» бағдарламасы («Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасы) бойынша алды. Тұрғын үй бағдарламасын Астана әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп іске асырды. Оларды қоныс тойымен Астана әкімі Алтай Көлгінов пен «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова құттықтады.

«Сіздерді Республика күнімен және көптен күткен қоныс тойымен құттықтаймын! Үйлеріңіз құрылысы қарқынды жүріп жатқан жаңа ауданда орналасқан. Мұнда біз жақында 4 мың оқушыға арналған 2 ауысымды мектеп аштық, сондай-ақ өзге де әлеуметтік нысандар бар. Көктемде біз ауданды абаттандыруды жалғастырамыз, әлеуметтік нысандар саламыз. Жыл сайын қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй тұрғызатын боламыз. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы осындай 2900 пәтер салынса, соңғы екі жылда 17 мыңға жуық әлеуметтік пәтер қолданысқа берілді. Сонымен қатар, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санаты кеңейді, тұрғын үй сертификатының сомасы 1 миллионнан 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайды», — деп атап өтті Астана әкімі А.Көлгінов.

Өз кезегінде «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова: «Бүгін жаңа қоныс иелерінің жаңа өмірі басталды — жаңа пәтерлерде олар енді жайлы өмірде ұрпақ тәрбиелеп, алдағы өмірлеріне жоспар құрып, қонақ күтетін болады. Баспана кілтін табыстау ұлттық мерекеге сәйкес келгені мерекенің маңызын арттыра түседі. Мемлекет өз азаматтарының баспана мәселесін шешуге ерекше көңіл бөліп отыр. Тек, «Шаңырақ» бағдарламасы аясында екі жыл ішінде біз 16 722 қазақстандыққа жеке тұрғын үй сатып алуға көмектестік, оның ішінде Астанада 4 363 адам қоныс тойын атап өтті. Жақын арада «Отбасы банкі» мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарға кредит беруді жалғастыру үшін 49,9 млрд теңге көлемінде қаражат түсуін күтіп отыр», — деді

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті