jasqazaq.kz

Бәсеке бар жерде сапалы білім бар

24 тамыз 2022, 18:52

Шымкент қаласында жаңа оқу жылында 28 мың оқушы 1 сыныпқа қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Қалажа миграция мен туу көрсеткіш жоғары болғандықта білім басқармасы тарапынан 5 мың оқушы артық келуі болжанған. Осыған орай, сабақ сағаттары есептеліп, қажетті шаралардың бәрі қаралып отыр. Бұл басқарма басшысы Жанат Тәжиева айтты.

Өткен жылы мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Жоба шеңберінде оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 2025 жылға қарай 1000 мектеп салу жоспарланған. Нәтижесінде үш ауысымды мектептерді жою және апатты мектептер үлесін 0,1%-ға дейін қысқарту күтілуде. Президент тапсырмасы негізіндегі қабылданған жобада Шымкент қаласының үлесінде 101 мектеп бар. Оның 52-і бюджет есебінен салынса, қалған мектептер инвесторлардан қолдау тауып отыр.

– Осы жылы Шымкент қаласында 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында11 504 орындық 16 жекеменшік мектеп пайдалануға берілуі тиіс болатын. Кәсіпкерлердің осы салаға қызығушылығы мен жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы қолданысқа берілетін мектеп саны 21-ге жетті. Үш мемлекеттік мектепте қосымша ғимарат құрылысы аяқталады. Нәтижесінде үшаусымды мектептер саны 9-дан 5-ке азайғалы тұр. Мұндай көрсеткішке жетуге жекеменшік мектептердің үлесі зор. Бұл жерде де оқыту үрдісі мемлекеттік білім стандарттарына сай жүргізіледі. Оқушы басына қаржыландыру тетігі арқылы бала тегін білім алу мүмкіндігіне ие. Жекеменшік мектептерде ұзартылған күн тобы, пән үйірмелері секілді қосымша сағаттар ғана ақылы болады. Осы орайда, білімнің дамуына, сапалы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып отырған кәсіпкерлерге алғыс айтамыз,– деді басқарма басшысы Ж.Тәжиева.

Мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын жалпы, барлығына қойылатын талап бірдей.. Ал, жекеменшік мектеп ашқысы келген кәсіпкерге қалалық білім басқармасы орын тапшылығы бар аумақтарды ұсынады. Бұл өз кезегінде үшауысымды мектептерді азайтып қана қоймай, оқушының сапалы білім алуына да жол ашады. Осындай аумақта өз жұмысын бастаған «Жас көшбасшылар академиясы» мектебі жаңа оқу жылында бастауыш сынып бүлдіршіндеріне есік ашып отыр. Жаңадан ашылған мектеп айналасында №35, 47, 9,72 білім ұйымдары орналасқан. Аталған мектептерде оқушы орны өте тығыз.

–Қазірдің өзінде ата-аналар балаларының құжатын осында тапсырып жатыр. Мектебімізде оқушы сыйымдылығы 300 орын. Барлық кабинеттер білім стандарттарына сай жабдықталып, жабық спорт алаңы, медициналық кабинет, асхана және ұзартылған күн тобына қатысатын балалардың демалуы үшін 25 төсек-орын әзірледік. Оқыту үрдісі мемлекет бекіткен стандарт негізінде жүзеге асырылады. Балалар жан басына қаржыландыру тетігі арқылы ақысыз білім алу мүмкіндігіне ие, -дейді «Жас көшбасшылар академиясы» мектебінің құрылтайшысы Малика Абдалиева.

Түйін: Бұрын жекеменшік мектеп дегенде қолы жеткен оқиды деген түсінік талыптасқан еді. Жан басына қаржыландыру жүйесі осы ұғымды түбегейлі өзгертіп, жеке мектептерде ақысыз білім алуға жол ашылды. Кәсіпкерлер салаға көңіл аударып, мемлекеттің білім беру саясатын жүзеге асыруға жұмыла кірісіп отыр. Мектептердің көп болуы өз кезегінде бәсекелестікті арттырады. Бәсеке бар жерде сапалы білім салтанат құрмақ.

Бибайша Нұржанқызы

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті