Бас прокуратура Трамп пен Храпуновтың байланысы жөнінде пікір білдірді

23 қазан 2016, 22:20

snimok

ҚР Бас прокуратурасы Британиялық Financial Times басылымының АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың Виктор Храпуновпен ықтимал байланысы жөніндегі жариялаған ақпараты жөнінде пікір білдірді. Today.kz редакциясының жасаған ресми сұрауына қадағалау органындағылар қазақстандық құқық қорғаушылардың американдық әріптестеріне көмек көрсетіп, Храпуновтар отбасының қылмыстары туралы мәліметтерді ұсынуға даяр екендігін мәлімдеді.

«Тергеуде Храпуновтың Трамппен тікелей байланысы және соңғысының Храпуновтар отбасының қаражаттарын өз мақсаттарына пайдаланғаны жөнінде деректер жоқ. Храпунов пен Трамптың өзара байланысы туралы Financial Times мақаласында келтірілген деректерді тексеру АҚШ-тың сәйкес органдарының құзыреті деп есептейміз. Өз тарапымыздан, АҚШ-тан құқықтық көмекке сұрау жасалған жағдайда, Храпуновтардың қылмыстық әрекеттері жөніндегі қолымыздағы барлық деректерді ұсынуға дайынбыз «, — делінген жауапта.

ҚР Бас прокуратурасында Виктор Храпуновқа және оның отбасының кейбір мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған қатысқандары үшін, сондай-ақ, жемқорлық пен қаржылық қылмыстарды жасағандары үшін іздеу салынғандығын атап өтті.

«Виктор Храпунов пен оның жұбайы қылмыстық әрекеттерден тапқан табыстарын өздерінің балалары Ілияс Храпунов пен Эльвире Кудряшеваға Швейцариға, қаржылық көмек ретінде аударып отырған. Сол қаражаттардың бір бөлігін Ілияс пен Эльвира АҚШ-та жылжымайтын мүлікті – пәтерлер мен кондоминиум-отелін сатып алу арқылы заңдастырған», — деді еліміздің қадағалау органынан келген жауапта.

Сонымен қатар, Бас прокуратурасы қазақстандық тараптың сұрауы бойынша Швейцариялық құқық қорғау органдарының Храпуновтардың активтерін хаттап, оларға тыйым салғаны туралы мәлімдеді.

«Алайда, құқықтық көмек процедурасында қойылған шектеулерге байланысты, бұл деректерді швейцариялық тараптың келісімінсіз жариялауға болмайды»,- деп атап өтілді Today.kz редакциясының ресми сұрауына келген жауапта.

Financial Times газетінің мақаласында Қазақстанның қазынасынан ұрланған сан миллиондаған қаражаттың ізі жасырылғаны туралы ақпарат таратылған. БАҚ мәліметтері бойынша, қылмыстық әрекеттер АҚШ-та жылжымайтын мүлік сатып алу, сондай-ақ, жалған фирмалардың көмегімен ақшаларды қолма-қол айналдыру арқылы іске асырылған. осындай фирмалардың бірінің жарғылық капиталының үштен бірі Трампқа тиесілі болып шыққан.

Естеріңізге саламыз, Қазақстанда Храпуновтар отбасына қаражаттың ізін жасырғандығы туралы айып тағылып, олардың банктердегі барлық есеп-шоттарына тоқтау салынып, құжаттары тәркіленген болатын. Виктор Храпунов пен оның зайыбы Лейланың үстінен 24 қылмыстық іс қозғалған. Қазақстан бұрыңғы лауазым иесін экстрадициялау жөнінде сұрау салды. Храпуновтардың ұлы Ілияс Швейцарияда тұрады. 2010 жылы ол осы мемлекеттің ең дәулетті адамдары тізіміне кірген. Интерпол Ілияс пен Виктор Храпуновтарға халықаралық іздестіру жариялады. 25 қаңтарда Ілияс Храпуновтың аты құрылыс бойынша туындаған даудамайға қатысты аталды. Онда Swiss Development Group компаниясының дәулетті қонақтарға арналған қонақ үйін қалпына келтіру бойынша бастаған жұмыстарын аяқтай алмайтындығы белгілі болды. Бұл компанияның акционерлері қатарында Ілияс Храпунов та бар.

29 маусым күні Нью-Йоркте АҚШ аймақтық федералдық соты Храпуновтар отбасы мен Мұхтар Аблязовқа қарсы аралық шешім шығарып, істі «БТА Банк» пен Алматы әкімшілігінің пайдасына шешті. Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, қазақстандық тарап Храпуновтарға қарасты компанияның Нью-Йорктың жылжымайтын мүлік нарығында инвестициялық қызметпен айналысқаны туралы дәйекті мәліметтер келтірген.

today.kz

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?