jasqazaq.kz

Бас прокуратура сарбаздарды мазақ қылған видеоға қатысты пікір білдірді

14 қараша 2017, 11:50

Әлеуметтік желіге таралған сарбаздарды мазақ қылған видеоға қатысты ҚР бас әскери прокуратурасының өкілі Еркін Қожа-Ахмет пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz. Еркін Қожа-Ахмет өз пікірін Facebook желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

«Соңғы кездерде Facebook әлеуметтік желіде міндетті әскери қызметкерлерге қарсы жарғысыз қатынастарды пайдаланып жатқан видео таратылып жатқанын байқауға болады. Осы жайлы айтатын болсақ, бұл бейнематериал 2009 жылы Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде түсіріліп, 2012 жылы Youtube каналында жарияланған», — деп жазды ол.

Оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, оларға қатысты тиісті шешім қабылданған.

«Қоғамның алдында айта кетерім, қазіргі таңда осындай оқиғалар өте сирек кездесетін жағдай. Біз жүргізіп жатқан профилактика мен заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары оларды айтарлықтай азайтуға, ал кейбір түрлерін мүлдем жоюға мүмкіндік берді. Алайда қоғамда түсініксіздікті тудырмас үшін осыған ұқсас материалдарды жарияламас бұрын оның қайдан пайда болғанын немесе ол жайлы тиісті мемлекеттік органдарынан сұрап алғанды жөн санаймын», — деді Еркін Қожа-Ахмет.

Аталған видеода әскери борышын өтеуге келген сарбаздар мазақтау мәніндегі түрлі бұйрықты орындайды.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы