jasqazaq.kz

Барымташылар бір ауылдың малын түгел айдап әкеткен

17 қазан 2017, 14:26

Барымташылардың кесірінен Нұра ауданының Ахметауыл ауылы малсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұра аудандық ішкі істер органдарына хабарласқан жылқышы ауылдан 8 шақырым жердегі жайлауда жайылып жүрген 93 жылқыны барымташылар айдап кеткенін айтты», — деп мәлімдеді облыс ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров. Жедел ісздестіру шараларының нәтижесінде барымташылар Ақмола облысының Аршалы ауданында ұсталған. «35 пен 49 жас аралығындағы бес күдікті ұсталды. Олар жасыруға қолайлы болуы үшін үлкен үйірді бірнеше бөлікке бөлгенін мойындады. Қарағандылық полицейлер Ақмола облысындағы әріптестерімен ынтымақтастықта Аршалы ауданының Жібек Жолы, Бұлақсай, Сарыоба, сондай-ақ Шортанды ауданының Шортанды ауылына жасырылған жылқыны қайтарды», — деді Бақытжан Құдияров. Күдіктілер Нұра аудандық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына жіберілді. Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық»), 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция тұрғындарды малын тіркеуге алып, әрбіріне таңба басуға, сондай-ақ жайылымдағы малды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті