jasqazaq.kz

«Бәрі бітті, осылай сорлап қаламын». Айнұр Тұрсынбаева қиналған кезін есіне алды

27 наурыз 2025, 14:27

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Ләйлә Сұлтанқызымен әңгімелесіп отырып, ақшадан қысылған күндерін есіне алды.

«2016 жылы Меккеге ауыр халде келгенмін. Ажырасу, үлкен қарыз, тығырыққа тіреліп, ауыр депрессияда жүрдім. Дәл осы жерде домалап жылап жатып, «Аллаһым, берушілерден қылшы, мені қуантшы, саған түк емес қой мені қуанту» деп жылағанмын… бірақ дұғам қабыл болады деген сенім 0 болды. «Бәрі бітті, енді осылай сорлап қаламын» деп ойладым. Есіме түссе, кеудем қысылып кетеді… Алладан көп нәрсе сұрадым ғой.

Бизнес бастайын десем көк тиын жоқ, тұрып жатқан пәтерден басқа сататын дымым жоқ, айтыста қара тізімге кіргізіп тастады, тойларға, қыз ұзатуға 200-300 мың теңгеге шығып жүрдім. Оның өзінде ажырасқансың деп тойға да көп шақырмайтын. Қолымнан түк келмейді, не істеймін деп тығырыққа тірелдім де қалдым», — деді Айнұр Тұрсынбаева.

JQ-Aqparat

Фото: youtube.com

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады