jasqazaq.kz

Банктің ахуалы жақсарады

08 қараша 2017, 14:26

Бұл жетідегі үкімет отырысында Bank RBK қаржылық жағдайын жақсарту бойынша көпжақты меморандумға қол қойылды. Меморандум Bank RBK қаржылық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар кешенді шараларды қарастырады.

Құжат ережесіне сәйкес, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Bank RBK капиталына 160 млрд теңге салу туралы шешім қабылдады. Өз кезегінде,  Ұлттық банк жақын арада Банктің шамамен 240 млрд теңге сомасында банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысу туралы өтінімін қарайды. Bank RBK қалыпқа келтіру мақсатында шамамен 600 млрд теңге сомасындағы проблемалық займдарды жеке арнайы құрылған компанияға беру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, тараптар RBK банкінің квазимемлекеттік құрылым депозиттерін қайтаруы проблемалық займдарды қайтару шамасы бойынша жүргізіледі деп келісті.

Bank RBK өтімділіктің түсуіне қарай әлеуметтік тұрғыдан маңызды төлемдер бойынша міндеттемелерді орындай бастайды. Аталған және өзге де кешенді шараларды іске асыру Bank RBK-ны қаржы қызметтер нарығында тұрақты әрі сенімді серіктес етіп, банкті тұтастай қалыпқа келтіріп, өтімділікті жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Еліміздің бас банкирі Данияр Ақышев Қазақстан үкіметі Ұлттық банкпен және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бірлесіп «Bank RBK» Банкі» АҚ-ты қалыпқа келтіру шараларының кешенін әзірлегенін айтты.

Данияр Ақышев қалыпқа келтіру моделі Банкті инвесторлардың 160 млрд теңге сомасындағы қаражаты есебінен капиталдандыруды және Банктің орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвесторлардың оның бизнес-моделін одан әрі жетілдіруін болжайтынын айтып берді. Сонымен қатар шаралар кешені акционерлер мен басқа байланысты тұлғаларға берілген шамамен 600 млрд теңге сомасындағы проблемалық портфельді жеке арнайы қаржы компаниясына беруді көздейді.  Ұлттық банк басшысы арнайы қаржы компаниясына берілген міндеттемелерге берілген портфельден түсетін түсімдер есебінен қызмет көрсетілетінін нақтылады.

Д. Ақышев «Жақын уақытта Ұлттық банк басқармасы Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарламаға қатысу шеңберінде банктің шамамен 240 млрд теңге сомасындағы өтінімін қарайды», —  деді. Ол жоғарыда көрсетілген қалыпқа келтіру шаралары Ұлттық банк қазіргі уақытта іске асырып жатқан, Ұлттық Банк Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде Банктегі ахуал тұрақтанады деп күтіледі.

Ұлттық банк басшысы «Өтімділіктің түсуіне қарай жақын арада Банк әлеуметтік тұрғыдан маңызды төлемдер бойынша, сондай-ақ ұсақ және орта салымшылардың депозиттері бойынша міндеттемелерді орындай бастайды», — деп атап өтті. Қазіргі кезде Банкте жеке тұлғалар жалпы алғанда 28 139 шот ашып, 188 млрд теңгеге салым салған. Соған байланысты мемлекет Ұлттық банк, үкімет және квазимемлекеттік сектор қаражатының есебінен Банкке қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк RBK банктің ағымдағы зиянға әкеп соққан кредит саясатын іске асыруы бөлігінде Банктің уәкілетті мекемелерінің қызметіне талдау жүргізеді. Содан соң тиісті материалдар одан әрі шаралар қабылдау үшін құқық қорғау мекемелеріне жіберілетін болады.

Ұлжалғас Боранбай

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы