jasqazaq.kz

Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк

20 қантар, 10:48

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мемлекет тарапынан банк терминалдары (банкоматтар) арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасы құрылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Орталықтың мәліметінше, бұл дерек манипулятивті сипатқа ие және шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар Ұлттық банк елімізде банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу фактілері бойынша ешқандай тізілімдер немесе деректер базасы қалыптастырылмайтынын атап өтті.

— Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында банкоматтарда бейнебақылау камералары орнатылған. Олар алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға, сондай-ақ клиенттердің және ықтимал құқық бұзушылардың әрекеттерін тіркеу арқылы оқиғаларды тергеп-тексеру барысында пайдалануға мүмкіндік береді. Бейнежазбалар даулы жағдайлар мен құқықбұзушылықтар кезінде дәлел ретінде қызмет етіп, банк клиенттері мен қаржы ұйымдарының мүдделерін қорғауға бағытталған, — делінген хабарламада.

inform.kz хабарлағандай, бұл талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №205 қаулысымен бекітілген. Аталған қаулыға сәйкес, банктер банкоматтарда төлем карточкасын ұстаушының бет-жүзін тіркеуге мүмкіндік беретін кемінде бір бейнекамера орнатуға міндетті. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер бейнеақпаратты кемінде 180 күнтізбелік күн сақтау талаптарын орындауға тиіс.

 Фото: ашық дереккөздерден

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам