jasqazaq.kz

Банк алдында оқ атқан қарақшыларға іздеу жарияланды

31 қазан 2016, 21:45

 

bank

Алматыда тағы атыс! Бұл жолы да оқиға тапа тал түсте, кілең банк орналасқан ғимараттың алдында орын алды. Куәгерлердің сөзінше, екі қаскөй сөмке толы ақша алып шыққан ер адамдарды аңдып тұрып, тап берген. Артынша бірнеше рет оқ атып, ұрып-соғыпты. Алайда, ақшалыларды тонап үлгермеген. Оқиға орнынан қашып кеткен қарулы қарақшылар қазір жер-жерден іздестіріліп жатыр.

Алматының қақ ортасында, тапа тал түсте естілген тапанша дауысы жұртты тағы бір шошытты. Сөйте, мына ғимараттағы банктен шыққан екі адамды қарулы қарақшылар күтіп тұрған екен. Сөмке толы ақшаны алып шыққандарға олар тап беріпті.

Қуаныш, банк күзетшісі:

— Обедтен келген кезде мына жақта екі орыс қансырап жатты. Бастарынан қан ағып. Сөйтіп не болғанын сұрасам, ол екеуіне екі азиаттық бала шабуылдаған ғой. Сумкаларын алмақшы болған. Бірақ аналар сумкасын бермей, төбелескен соң, ала алмаған соң пистолетпен атқан.

Тапаншадан атылған оқтың дауысы бірнеше рет естілген. Дегенмен, маңайдағылар оның далаға атылғанын айтады. Артынша, қаскөйлер өздеріне сөмкесін беруден бас тартқан екеуді аяусыз ұрып-соғыпты. Бірақ ақшаны сол күйі ала алмай, із суытқан. Ал оңбай таяқ жеген екі жігіт ауруханаға жеткізілді. Біреуінің миы шайқалған дейді дәрігерлер.

Дегенмен, мұнда орналасқан банктер оқиғадан ат тонын ала қашуда. Тілшілерге тек өздерінің қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

Татьяна Шевченко, «ВТБ Қазақстан» банкі қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

— Зардап шегушілерді біздің клиенттеріміз деп дөп басып айта алмаймыз. Шабуыл біздің банктің шекарасынан тыс жерде болды. Дегенмен, қызметкерлеріміз оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеушілерге көмектеседі.

Тал түсте болған атысқа байланысты «Қарақшылық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ал, қарулы қаскөйлер жер-жерден іздестірілуде. Айта кетсек, 6 күн бұрын да Алматының қақ ортасындағы банкке қарақшылар баса-көктеп кірген еді. Олардың да көздегендері ақша болған. Дегенмен, қаржы мекемесін тонап үлгермей, тек күзетшінің қаруын тартып алған болатын. Із суытып үлгерген олар да әлі ұстатар емес.

ktk.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті