jasqazaq.kz

Балқашта ақыл-есі кем жігіт 12 жастағы оқушыны азғындаған

06 желтоқсан 2017, 14:49

Балқаш қаласында тұратын жас жігіт 12 жастағы баланы азғындауға әрекет жасаған, деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ер адам жасөспіріммен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп тұрған. Бейәдеп әңгімені баланың әкесі байқап қалып, полицияға шағым түсіреді.

“27 қарашада ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Прокуратура мәліметінше, 27 жастағы күдікті “ақыл-есі кем” деген диагнозбен облыстық психоневрологиялық диспансерге тіркелген.

Жігіт ұсталып, Балқаш қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

stan.kz

Бүгін, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
Бүгін, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
Бүгін, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
Бүгін, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
Бүгін, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
Бүгін, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады
30 шiлде, 18:26
Сырым Ертаев: Шетелде біздің табиғи етке сұраныс мол
30 шiлде, 15:30
Таяу Шығысқа тұрақтылық қажет
30 шiлде, 14:51
Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда