jasqazaq.kz

«Бәленің бәрі ақшадан»: Қызға қол көтерген Серік Шәріп өз шындығын айтты

26 сәуiр, 16:13

Сәуір айының басында Әлия Бөтеева деген бойжеткен «қол көтерді» деп актер Серік Шәріпті айыптаған болатын. Бұдан кейін актер сот шешімімен 5 тәулікке қамалды. Енді ол блогер Әлішер Елікбаевқа сұхбат беріп, оқиғаның себебі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Әлішер Елікбаевтың айтуынша, осы сұхбатына жарнамасын шығармақ болған үш серіктесі Серік Шәріптің қатысатынын естігеннен кейін бас тартқан.
Серік Шәріптің карьерасына кесірін тигізген махаббат тарихы бір жарым жыл бұрын басталған көрінеді. Актердің айтуынша, арада ұрыс-керіс көп болған. Өзі айтқандай, бәленің бәрі ақшадан шыққан.
«Менде жарнамалық интеграция болуы керек еді, сол кезде кикілжің басталды. Жарнаманы түсіруге екі-үш күн қалғанда Әлия қоңырау шалып: «мынанша қаламақы төлейсің» деді. Мен ол соманың тым көп екенін айттым», — дейді ол. Қыз осы үшін сараң деп кінә таққан көрінеді.
Жұртты тік тұрғызған оқиға болардан бір күн бұрын олар бір-бірінің нөмірін бұғаттап тастайды. Кешке қыз оның үйіне келеді.
«Есікті ашсам, тұр екен. Мен онымен сөйлескім келмейтінін айттым. Ол есікті итере бастады. «Жаныңда біреу бар шығар» деді. Сосын кетіп бара жатып бірдеңе деді. Мен: «Не айттың, қайтала!» дедім. Осы арада қателік жасадым, өзімді ұстай алмай қалдым» ,- дейді ол.
Лифтіден шығарып алғаннан кейін қыздың айтқан сөздері жанына батқандықтан, шапалақпен салып жібергенін мойындады.
Өзінің айтуынша, бұдан кейін де екеуі ұзақ салғыласқан. Ақырында қыз кетіп қалып, біраздан соң қайтып келген.
«Есікті ашсам, тағы тұр екен. «Не істедің, бетіме қарашы» деді.
Серік Шәріптің айтуынша, ол жедел жәрдем шақыруды ұсынған. Сол күні қыз үйінде қонып шыққан.
Серік Шәріптің актерлік карьерасына балта шапқан оқиғаның жалпы барысы осындай. Бұл, әрине, актердің өз аузынан шыққан нұсқа.

JQ-Aqparat

Сурет: zakon.kz

 

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы