jasqazaq.kz

Баласын қоқысқа тастаған қатігез ана ұсталды

09 қараша 2017, 12:30


Шымкентте жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа туған шарананың мәйіті осы жылдың 20 қазан күні қоқыс жәшігінен табылған болатын. Аталған жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша іс қозғап, күдікті әйелді іздестірген еді.

Іздеу шараларына облыстық ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Нәтижесінде сезікті әйел ұсталып, оның Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қылмыс жасаған келіншек сол Астана қаласынан табылды.

Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, не себепті тастағанын айтқан. Алайда ішкі істер қызметкерлері оның жауабын ашып айтпай отыр. Қазіргі таңда полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Сезікті әйел жақын күндері Шымкент қаласына жеткізетін болады.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы