Балапан баптап, мемлекет қолдауын алмақ

16 шiлде 2023, 11:08

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қаламызда ауыл шаруашылығы саласындағы (кластерлі) жобаларды дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, қалалық ауыл шаруашылығы және ветиринария басқарма тарапынан 5 аудан бойынша сала мамандары арнайы семинарлар өткізуде.Осы мақсатта, басқарма басшысы Абунасыр Жанбатыров қала аумағындағы Құрсай елді мекенінде орналасқан құс шаруашылығын дамытуды қолға алған жеке кәсіпкер, Әбдімәлік Тасқоджаевтың құс фермасына барып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Жеке кәсіпкер, құс шаруашылығында етті бағыттағы «Бройлер» балапандарын өсіріп жатыр. Бүгінгі таңда құс фермасында 5 000 бас бройлер балапаны бапталу үстінде. Кәсіпкер осында өндірілген құс етін ішкі нарыққа, яғни қаламыздағы дүкендер мен мейрамханаларға, тез дайындалатын фаст-фуд асханаларына өткізеді екен.

Айта кетсек, кәсіпкер мемлекеттік қолдауларды пайдана отырып құс бастарын көбейтуді жоспарлап отыр екен. Осы мақсатта алдағы уақыттарда қосымша құс фермасының құрылысын жүргізіп, заманауи технологияларды шет елдерден сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізуді көздепті. Осыған сәйкес, кәсіпкер Абдумаликке Тасходжаев құс шаруашылығын дамыту үшін кәсіпкерлерге Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы айтылып, толық түсіндіріп өтілді.
Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агро-белдеуі бар ерекше аймақ. Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 млн теңге субсидия (393 өтінім) берілген болса, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 млн теңге қаржы қаралған.

Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасып келеді Атап айтқанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан 350 млн теңгеге жуық субсидия қаражаты төленді. Атап айтқанда құс шаруашылығы үшін асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға 60 теңге, өндірілген әр жұмыртқаға 3 теңге, құс етінің 1 келісіне 50 теңге төленеді екен.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарынан тел: 8(7252) 24-74-08 хабарласып, консультациялық кеңес алуға болады.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды