jasqazaq.kz

Баланың тілі кеш шықса, анасы кінәлі ме?

13 ақпан, 16:54

Халқымыз «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деуші еді. Қазір бәрі керісінше. Құндақтаулы бала шешесінің мейіріміне зәру, ал ананың бар ойы құрылғыда. Техас университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, анасы телефонды жиі пайдаланған сайын, баласымен қарым-қатынасы 16%-ға азаяды. Бұл – сәби үшін аса қауіпті жағдай. Себебі бала алғашқы жылдарында ата-анасымен байланыс арқылы дамиды.

Психолог Меруерт Дәулетқызының айтуынша, баланың тілінің кеш шығуына оның физиологиясы, миының дамуы, қоршаған ортасы әсер етеді. Бірақ басты мәселе – ананың балаға көңіл бөлмеуі.

«Балаңыздың тілі тез шыққанын қаласаңыз, ең алдымен, телефонды өзіңізден алыстатыңыз. Анасы үнемі телефонға қарап отырса, бала кіммен сөйлеседі? Қалай дамиды? Бүгінгі балалардың көбінде цифрлық аутизм белгілері бар. Яғни, олар шынайы өмірден гөрі экранмен қарым-қатынас жасауға үйренген. Ал бұл өте қауіпті», – дейді психолог. Бұдан бөлек, психолог анасы уақытылы невропотологпен жұмыс жасауы керек дейді. Себебі балада ЗПР, ЗРР сынды ауруларға қауіп болуы мүмкін.
Психологтың айтуынша, дені сау бала уақытылы сөйлеуді төмендегідей бастауы тиіс:
6 айында – дыбысқа еліктеп, «әгугайлау» керек;
9-12 айында – «мама», «папа» деген сөздерді айтуы қажет;
1 жасында – сөз тіркестерімен сөйлеуге талпынуы тиіс.
«Қыздың тілі тез шығады, ұл баланың тілі кеш дамиды деген – миф. Ол ата-ананың әрекетіне байланысты. Бала неғұрлым көбірек қозғалып, ойнап, секірсе, соғұрлым тілі тез шығады. Себебі миының дамуы физикалық белсенділікке тікелей тәуелді», – дейді психолог. Қазіргі таңда ата-аналар балаға телефон беріп тамақтандыруды әдетке айналдырған. Бұл үлкен қателік.

«Бала тәтті көп жейді. Бұдан бөлек мультфильм қарап тамақ жеуді автоматты әрекетке айналдырады. Ол дәмді сезінбейді, қарын ашу дегенді түсінбейді. Сол сияқты, телефон қарап отырып тамақтанған бала сөйлесуге де құлқы болмайды», – дейді Меруерт Дәулетқызы.
Баланың тілі кеш шықса, оны физиологиядан ғана іздеуге болмайды. Бұл көбіне ананың балаға уақыт бөлмеуімен байланысты. Алдымен ата-ана гаджеттерден бас тартып, баласына көбірек көңіл бөлуі керек. Себебі баланың болашағы – оның алғашқы жылдарындағы ортасына тәуелді екенін ұмытпаған жөн.

Олжас Әбдіхалық

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті