jasqazaq.kz

Баланы сүндетке отырғызу ақысыз жасалуы мүмкін

11 желтоқсан 2017, 18:17

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сүндетке отырғызу рәсімін ақысыз етуге ниетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның вице-министрі Берік Арын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әзірге біз жұмыс деңгейінде сүндетке отырғызуды ақысыз медициналық қызметтер тізбесіне қосуды талқыладық. Біз осындай пікірдеміз және бұл ұстаным талқылаудың бастапқы кезеңінде. Осы орайда кері салдарға жол бермеу үшін бұл ұсынысты дайындаудамыз», — деді Арын.

Вице-министрдің атап өтуінше, ғұрыптың өзін діни әрі медициналық шараларға жатқызуға болады.

«Сүндетке отырғызу рәсіміне тоқталсақ, біздің заңнамада белгілі бір нормалар жоқ. Біздің ойымызша, осы мәселеде тек діни құрамдауыш қана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесі де қамтылған», деді ол.

Осы орайда ол министрлік бұл ғұрыптар медициналық мекемелерде және білікті дәрігерлер тарапынан жасалғанын дұрыс деп санайтындығын жеткізді.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң