Балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменов жазаланады

12 шiлде 2023, 15:07

Астана сауда орталығындағы балалы ер адамды ұрып-соққан боксшы Бейбіт Шүменов болып шықты. Мұны ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев растады.

«Иә, растаймыз. Қазір айналысып жатырмыз. Бұзақылық бойынша іс қозғалды», — деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, аталған факті бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Заң бұзушылық аса ауыр емес деп бағаланып отыр. Сонымен қатар тергеу барысы Бейбіт Шүменовтің бұрынғы кәсіби спортшы екендігі жағдайды ауырлататын мән-жай болуы мүмкін бе екендігін айқындайтын болады.
«Қызметтік тексеру жүруде. Ол қатаң жазаға тартылады. Күні кеше министр мәселені көтерді, ол жазаланады», — деді Қайрат Сүнтаев.
Министр орынбасарының айтуынша, төбелес барысында бала зардап шекпеген. Дегенмен, зардап шеккен азамат бұрынғы әлем чемпионын қылмыстық жазаға тартуын талап етіп отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және бірқатар БАҚ-та Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі фут-кортта жанжал болғанын жазған еді. Кейінірек қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген азаматтың кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған болатын.
Айта кетейік, Бейбіт Шуменов – жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды