jasqazaq.kz

«Балалар – еліміздің болашағы»

30 қыркүйек 2022, 10:33

Қазақстан Республикасы Букмекерлерінің өзін-өзі реттеу ұйымы Алматыдағы әлеуметтік жағдайы төмен мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады.

Жуырда Қазақстан Букмекерлерінің өзін-өзі реттеу ұйымы (БӨРҰ) Алматыдағы тұрмысы төмен отбасындағы мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады. Бұл шара букмекерлік ұйымдардың өкілдері ұйымдастырған ауқымды қайырымдылық акциясы болды. Шара «Білім күнімен!» деген атаумен өткізілді.

Акция аясында көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасынан шыққан 50 балаға оқу құралдары мен рюкзак сыйға тартылды. Осы шараны өткізуге БӨРҰ өкілдеріне Алматы әкімдігінің қызметкерлері мен «Қазақстан волонтерлер лигасы» қолдау көрсетті.

Қазақстан Республикасы Букмекерлерінің өзін-өзі реттеу ұйымының жетекшісі Ғалымжан Дуамбеков өз сөзінде былай деді: «Қауымдастық мүшелерінің қолдауымен балаларды Білім күнімен құттықтап, азын-аулақ сыйлық жасауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Әлеуметтік жауапты бизнес өкілдері ретінде, қоғамды дамыту мен қолдау көрсетуге бағытталатын әлеуметтік жобалардың маңызын біз жақсы түсінеміз. Айталық, пандемия кезінде еліміздің 11 қаласында «Тыныста.kz» қайырымдылық акциясы өткізілген болатын. Сол кезде ковидтен қорғану мақсатында 200 мың бір реттік бетперде таратылды. Биыл 9 мамырда екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тылдағы еңбек ерлеріне қайырымдылық көмегін көрсеттік. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Қауымдастық қолдауымен қайырымдылық жұмыстарын жалғастырамыз.
Біз «Білім күні» акциясы арқылы қоғам назарын тұрғындардың әлеуметтік жағдайы нашар тобына аударғымыз келді. Сондай-ақ биыл балаларға қамқорлық жасаудың маңызы зор: Мемлекет басшысы 2022 жылды Қазақстандағы балалар жылы деп жариялады. Алдағы уақытта біздің бастаманы отандық бизнестің өзге де өкілдері іліп әкетіп, мұқтаж балаларды қамқорлықсыз қалдырмайды деген үміттеміз. Бүгін мен «Қазақстан волонтерлер лигасының» еріктілеріне айрықша алғысымды білдіргім келеді. Олардың өз ісіне деген жауапкершілігі арқасында қайырымдылық сый-тартуы дер кезінде таратылып, балалардың өз қолына тапсырылды».
Сонымен қатар, ол осы шараны өткізуге атсалысқан жандардың еңбегіне тоқталды.
«Жоғары сыныптың оқушысы Айнұр Ғабдірахимнің еңбегі ерен. Жобаны іске асыру үшін ол бір күннің ішінде еріктілердің басын қосып, ұйымдастыра алды. Сол үшін де оған деген алғысымыз шексіз. Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігіне әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар туралы мағлұмат беріп, ұйымдастыру жұмыстарын атқарғаны үшін зор ілтипатымды білдіремін. Жеке өз атымнан оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға достық ықылас, қызықты оқиғалар мен үздік бағалар тілеймін. Акция аясында сыйға тартылған оқу құралдары оқуына септесіп, балалардың болашағына қосылған үлесіміз болады деп үміттенемін», – деді Ғалымжан Дуамбеков.

Жобаға қатысушылардың бірі, жас белсенді, «Қазақстан волонтерлер лигасының» үйлестірушісі Айнұр Ғабдірахим қазіргі кезде балаларға жәрдем берудің маңызды екенін атап өтті. «Білім күні» акциясына қатысқаныма қуаныштымын. Бұл оқушылардың мектепке дайындалуына көмектесіп, оқу алдында қуаныш сыйлауға үлес қосуға мүмкіндік берді. Балалар – еліміздің болашағы. Осы шараны өткізіп, жан жылуын сыйлаған ұйымдастырушыларға мың алғыс. Бәріңізге сәттілік тілеймін!», – деді ол.

Айта кету керек, бұл шара Қазақстан Букмекерлерінің өзін-өзі реттеу ұйымының көптеген қайырымдылық бастамаларының бірі ғана. Ұйымның толық атауы – «ҚР букмекерлік және лотереялық бизнестің өзін-өзі реттеу қауымдастығы» ЗТБ (заңды тұлғалар бірлестігі). Қауымдастық әлеуметтік, меценаттық және қайырымдылық шараларды жүргізумен қатар, ойын бизнесін реттеу және мемлекеттік сектордың букмекерлік бизнеспен өзара іс-қимылына халықаралық тәжірибені енгізу ісіне де қатысуда. Одан басқа, БӨРҰ букмекерлік кеңселердің клиенттеріне бәс тігудің қаншалықты ықпал ететінін зерттейді. Ұйым осы бағытта жауапты ойын қағидасы мен беттингтің заманауи тәжірибесін енгізуді көздеп отыр. Бұл өз кезегінде спортқа болжам жасаушылардың ойынға тәуелділігінің алдын алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Олжабек Байқуатов

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті