Конституция күні мен Білім күніне орай Алматыдағы №2 Балалар клиникалық қалалық ауруханасы ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күні аясында тұрғындарға кеңес баріліп, бір мезетте заманауи қондырғылардан тексерістен өту мүмкіндігі берілді. Шара барысында пациенттерді қарау, кеңес беру және емдеу шараларын біріктіру үшін Консультативтік-диагностикалық педиатрия орталығы ашылды.
Орталықта онкогематолог, невропатолог, нефролог, эндокринолог, кардиолог, аллерголог, пульманолог, гастроэнтеролог кабинеттері, гемофилия, диабет және балалар денсаулығын сақтау орталықтары жұмыс істейді. Орталық жоғары анықтық қабілеті бар заманауи компьютерлік томографпен , Жапонияда шығарылып, құрастырылған КТ — 128 (көпспиральді), Hitachi өндірген, 2018 жылы Scenaria үлгісі, МРТ- Шығарушы ел: Жапония, ECHELON үлгісі, магнит күші 1.5T, Радиографиялық рентген жүйесі-RFM-525 HF, Medonica, өндіруші Корея Республикасы, Қытайда жасалған УДЗ- Эксперт класындағы ультрадыбыстық жүйе, өндіруші Mindray компаниясы, DC-70 үлгісі, ЭКГ- аппараттары және т.б. жабдықталған.
Шара аясында қонақтар онкогематолог, невропатолог, нефролог, эндокринолог, кардиолог, аллерголог, пульманолог, гастроэнтеролог тәрізді мамандардан тегін кеңес алды. Сонымен бірге шара соңында кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналарына арналған елімізге белгілі өнер жұлдыздарының қатысуымен қайырымдылық концерті өтті. Бұл күні балаларымыз сырқаттарын бір мезет болса да ұмытып, мейрамды сезініп, көтеріңкі көңіл күйде болды.
Кеңестік-диагностикалық орталықтың меңгерушісі Әсел Асқарқызы: «Бүгін біздің консультатьивтік орталықты Конституция және Білім күніне орай ашық есік күні өтіп жатыр. Мұндай шара біздің мекемемізде жыл сайын Балалар күнінде және Білім күніне орай ұйымдастырылады. Бүгінгі ашық есік күні мекемеміздегі қосымша диагностикалық бөлімнің ашылуына сай келді. Дегенмен біздің орталық біраз уақыттан бері жұмысын атқарып жатыр. Біз орталық ашылғалы бері 7 мыңнан астам науқасты қабылдап үлгердік. Орталықта бірнеше мамандар өзінің кеңесін жүргізеді. Атап айтсақ: пульманолог, аллерголог, онколог, гематолог, эндокринолог, травматолог-ортопед сынды мамандар қызмет көрсетеді. Әсіресе диабетпен тіркеуде тұрған балаларға ерекше көмек көрсетіледі. Олар дәрігердің жіті бақылауына алынады»-деді
Шараға келушілер білікті мамандардан кеңес алып, заманауи құрылғылардан тексеруден өтті. Қазіргі таңда халықтың денсаулығы басты назарға алынып, денсаулық сақтау саласының қарқынды дамып келе жатқандығы қуантады.