Балабақшадағы есепші туыстарына 47 млн теңге аударған

10 шiлде 2023, 14:45

Ақмола облысының білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді. Ақмола облысы Прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен жалған мәмілелер жасай отырып, өз туыстарының шоттарына ақша аударған. Тауар жеткізу туралы келісімшарт жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Банктегі есепшоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн теңге аударылған.
Ал Степногорск қаласындағы мектептердің бірінде бухгалтер өз шотына 36 млн теңгені жалақы ретінде аударған.
Осы деректер Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркеліп, Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорларымен және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті істі тергеуге алды.
Қылмыс дәлелденсе, бұл бап бойынша жаза белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды