jasqazaq.kz

Балабақша есепшісі 21 млн теңге жымқырды

17 қазан 2017, 22:24

Қостанай облысындағы Затобол кентінде үш жыл бойы мемлекет ақшасын қалтасына «басып» келген қызметкерге қатысты сот отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс материалдарына сүйенсек, Затоболдағы «Петушок» балабақшасында есепші қызметін атқарған Әлия Досымбаеваның 2015-2017 жылдары 21 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды. Ол 2015 жылы — 7 313 890 теңге, 2016 жылы — 7 288 472 теңге және биыл 7 173 790 теңге мемлекеттік қаражатты өзінің жеке есепшотына аударған. Сот отырысында жауап берген балабақша директоры Екатерина Федорова бұрынғы есепшісіне сенгенін айтты. Тіпті, электронды кілт те есепшінің қолында болған. Аудандық прокуратура қызметкері айыпталушы Әлия Досымбаеваға қызметін асыра пайдаланып, қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 189-бабынаң 4-бөлігі, 2-тармағы негізінде 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Сот шешімі 20 қазанда қабылданады.

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті