jasqazaq.kz

Балабақшадағы жалған тізім мен жемқорлық

14 шiлде 2016, 0:40

18f90fd3ec57a169fb7925ab2c5be016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтап, нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғаларды ұстады.

Аталған бюроның баспасөз қызметі хабарлағандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтап, нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғаларды ұстады.

Осылайша, «Айсана ана» және «Жас шуақ» балабақшаларының меңгерушісі әрі құрылтайшысы А. Биболов балабақша тәрбиеленушілерінің жалған тізімін жасау арқылы, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген жалпы сомасы 10 000 000 теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлға Мақтаарал ауданының ІІБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды

Бұдан басқа, оқытушыдан талапкердің колледжге оқуға түсуі және педагогикалық жүктемені көбейткені үшін, Ә. Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн Оңтүстік колледжінің директоры А.Ниязов 200 000 теңге сомасында пара алу кезінде ұсталды.

А. Ниязов Шымкент қаласының ІІБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)