jasqazaq.kz

Балабақшада былық бар ма?

07 қараша 2016, 21:58

balabaksha

Былығы бастан асатын балабақша! Алматы облысында тұрғындар балалары тәрбиеленетін мекемедегі берекетсіздікті жайып салды. Балабақшада бүлдіршіндерге қолайлы жағдай атымен жоқ дейді наразы топ. Сондықтан тәрбиеленушілер шетінен ауырып, әбден әлжуаз болған. Мұнымен қоймай, ата-аналар балабақша ақысын жылдар бойы артығымен төлеп келіпті. Ал жуырда жаңа меңгеруші келіп, жағдай тіптен ушыққан көрінеді.

Балабақша емес, шалабақша! Осылай деген Водник-3 ауылының тұрғындары мемлекеттік мекемедегі бассыздықты жіпке тізгендей жайып салды. Айтуларынша, мұндағы жағдай бала түгілі, үлкен адам төзгісіз.

Нұржамал Айғасқаева, Водник-3 ауылының тұрғыны:

— 1 раковина ғана істейді. Унитаздары суық. 

Тіпті, соңғы кездері бүлдіршіндер балабақшадан ауырып келетін болған. Мұнымен қоймай, мемлекеттік мекеме ата-аналардан ақша жинауды әдетке айналдырыпты. Ұсақ-түйекті есептемегенде, жөндеу жұмыстарының қаржысын өз қалтамыздан шығарамыз дейді наразы топ. Көбі балабақша ақысын да жылдар бойы артығымен төлепті.

Балауса Боратаева, Водник-3 ауылының тұрғыны:

— Мына 11.700 мемлекеттік балабақшада төлейді дегенді біз осы жақында ғана естідік.  

Яғни, еш рұқсатсыз, қосымша үйірмелерге ақша алынып келген. Ал жуырда мекеменің басшылығы ауысып, жағдай тіптен ушыққан көрінеді. Яғни білікті мамандар шетінен жұмыстан қуылып жатыр екен.

Сәния Зәрубаева, «Әдемі» мемлекеттік балабақшасының тәрбиешісі:

— Жаңа басшы келгелі мазамыз қашты. Тәрбиешілер себепсіз жұмыстан қуылуда. Жаңа меңгеруші қызметкерлерді кемсітуге дейін барады. Күнде еститініміз орынсыз айқай!

Дегенмен, меңгеруші мұның бәрін бәрін жоққа шығарды. Ал ата-аналардан жиналған артық ақша қосымша үйірмеден сабақ беретін қызметкерлерге жалақы ретінде төленеді. Себебі, олардың жұмысына бюджеттен бір тиын бөлінбейді екен.

Зарлық Исламова, «Әдемі» мемлекеттік балабақшасының меңгерушісі:

— 2 ставкасын біз ата-аналарға көрсетілген смета бойынша төлейміз. Сметаны ата-аналарға жиналысқа көрсетіп айтқанбыз. Балалардың іш ауруы деген жағдайлар бізде тіркелмеді. Егер тіркелсе, қараусыз қалдырмаймыз!

Жаңа меңгеруші де, аудандық білім бөліміндегілер де кемшіліктерді жақында ретке келтіреміз деп сендірді. Ал еш келісімсіз алынып келген ақшаны қайтаруды заң жолымен талап етеміз дейді ата-аналар.

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке