Бала қылмыскер боп тумайды

26 мамыр 2017, 16:54

Қазір адамзат баласының ақыл-ойы, қиялы, зияткерлік мүмкіндігі қарыштаған заман. Біз ақылды қоғамда өмір сүріп жатқан бақытты жандармыз. Бірақ өкінішке қарай, кейде қоғамнан мейірім мен адамгершілік күтетініміз рас. Дәл қазір жер шарының түпкір-түпкірінде мыңдаған, тіпті миллиондаған сәби саяси ойындардың құрбанына айналды. Ал бізде бүлдіршіндердің бәрі шат-шадыман ба?

Егер қарапайым қисынға салсақ, азат елдің әрбір сәбиі шаттық күлкісімен көмкеріліп, уайым-қайғысыз өскені – ел ертеңі үшін берері мол берекелі іс. Өкінішке қарай, бізде де біраз балақай өмір есігін ашар-ашпастан тағдыр тәлкегімен күресіп өседі. Оны біздер, яғни үлкендер кейде байқасақ та, байқамаған кейіп танытамыз. Мәселен, Алматы облысындағы Жауғашты ауылында орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесінің қасындағы балалар үйінде 33 сәби бар. Олар – тағдырдың жазуымен сол абақтының аумағында дүние есігін ашқандар. Анасы – жазасын өтеуші. Ал бүлдіршін ше? Қазір бұл азаматтарға қатысты шешім шыққан жоқ. Яғни анасы жазасын өтеп жатыр, ал баласы себепсіз түрмеде. Біз кем дегенде елдің 33 азаматының құқығын бұзып отырмыз.
Статистика бойынша, қазір Қазақстанда түрмеде отырған 36 мың тұтқынның 6,5-7 пайызға жуығын – әйелдер, шамамен 3 пайызын – кәмелетке толмағандар құрайды. Біздің түрме әйел мен балалардың қажеттілігін ескермей салынған. Тіпті Жауғашты түрмесінде 3 жасқа толмаған балаларды қарайтын дәрігер жетіспейтіндігі белгілі. Мұндағы балалар үйі ескі ғимаратта орналасқан. Жылуы мен су құбыры әбден тозыпты.
Заң тұрғысынан алатын болсақ, басқа амал жоқ сияқты боп көрінеді. Бірақ өмір есігін ашпай жатып, бостандығы шектелген тәуелсіз елдің азаматы – балдырғанның жазығы не? Расын айтқанда, олар Тәуелсіз елде өмір сүріп жатса да, ертеңгі күні азаттық, мүмкін бе? Жазасын өтеушілермен бірге тұрып жатқан жазықсыз бейбақтар ертеңгі күні қылмыс әлемінің шырмауына шырмалып қалмасына кім кепіл?
Қазақстан – адам құқын қорғау бойынша әлемдік көптеген құжаттарға қол қойған, демократиялық құндылықтарды жоғары бағалайтын жас мемлекет. Мәселен, Тәуелсіздік алған жылдан бері 60-қа жуық адам құқын қорғайтын халықаралық құжаттарға ратификацияласақ, соның 15-ке жуығы тікелей балалар құқығын қорғауға арналған.
Бірақ біз өз заңдарымыздың негізінде осы жазықсыз сәбидің тағдырын қара түнектен арашалап қалуға толық мүмкіндігімізді пайдалана алмай отырмыз. Сондықтан да жазасын өтеуші аналардың сәбиін түрме аумағынан оқшаулаудың заңдық негізін қарастыруымыз қажет. Немесе нәрестелі әйелдерді баласы 5 жасқа толғанша жаза тағайындамау жөнінде бір шешімге келуіміз керек. Себебі бала ерекше құқыққа ие. Сондықтан, біз оларды ерекше қорғауымыз және әрбір баланың жақсы өмір сүруі үшін барлық мүмкіндікті жасауымыз қажет.

Зағипа БАЛИЕВА,
Қазақстанның
балалар құқығы
жөніндегі уәкілі,
Мәжіліс депутаты

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?