jasqazaq.kz

Бала кезіндегі досын өлтіріп, мәйітін жасырған (видео)

20 қазан 2020, 22:55

Бала кездегі досын пышақтап өлтіріп, денесін үйіндегі жерқоймаға көміп тастаған Виталий Валитов 11 жылға сотталды. Орал сотында келтірілген деректерге қарағанда, ескі достар есік алдында арақ ішкен. Артынан екеуі сөзге келіп қалып, Виталий Валитов құрдасын ұрып құлатқан және мойнына екі рет пышақ салған. Артынан мәйітті жерқоймаға түсіріп көміп тастапты. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Бақыт ЕРМАХАНОВ, БҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Өзінің жауабына қарағанда: «Мен қорықтым. Сосын ұмытқым келіп, ары қарай тағы бес күн бойы арақ іштім». Жаңағы мәйітті көміп тастағаннан кейін сол сарайдың өзін бұзып, погребке тастаған. Кілем, кірпіштер, соның бәрін тегістеп көміп тастаған. Сол уақытта жәбірленушінің анасы терезеден қарап тұрып: «менің балам осы шұңқырдың ішінде, әйтпесе ол неге көміп жатыр? Соның ішінде өліп жатыр», — деп айтқан шешесі.

Сотта Валитов қылмысын толық мойындап, қаза болған досының туыстарынан кешірім сұрады. Судья, өкінген қылмыскердің кәмелеттік жасқа толмаған қызын барын ескере отырып оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Елена БАТАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Екеуі де бала күнінен бірге өскен жігіттер ғой. Бірақ қылмысты бізден жасырғанын білгенде қатты ашуландық. Енді оны өзіміз аяп, кешірім беріп отырмыз. Өйткені артында кішкентай баласы бар.

19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда
18 маусым, 14:38
Түркістан: Төлеби ауданында тігін фабрикасы іске қосылады
18 маусым, 14:35
Түркістан: Сарыағаштағы кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі
18 маусым, 14:28
Түркістан: Жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс шығаратын зауыт салынады
18 маусым, 14:23
Түркістан облысы мен қытай инвесторлары арасында 7 меморандум жасалды