jasqazaq.kz

Бақытжан Сағынтаев ОҚО-дағы «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысты

28 наурыз 2018, 17:52

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жоспардағы бағдарламадан тыс, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде болды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Халықаралық бақылау–өткізу бекеті Өзбекстанмен шекарада Жібек жолы кентінде орналасқан. Мұнда екі бағытта шекарадан өтетін адамдар мен көлік құралдарының шекаралық бақылауы жүзеге асырылады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа кеден бекеті арқылы тәулігіне 25 мыңға дейін адам және 100-ге жуық көлік өтетіні туралы айтылды. Сонымен қатар «ҚазЖолСервис» ЖШС басшысы Е. Диқанбаевтың айтуынша, автовокзалдың жаңа ғимаратының салынуы екі ел арасындағы жолаушылар ағынын және жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев БӨБ қызметі, кеден аумағын кеңейту, Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан төрт кеден пунктін көріктендіру жұмыстары туралы баяндады.

 

 

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы