jasqazaq.kz

Бақытжан Базарбек: Жер халыққа тиесілі, солай болып қалады!

Бүгін, 12:58

Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияның жобасына қатысты жалған ақпараттар әдейі таратылып жатыр. Соның ішінде «құжат жерді шетелдіктерге сатуға мүмкіндік береді», «Президент немесе болашақ Құрылтай жерге иелік ете алады» деген сияқты фейктер бар. Мәжілісте депутат Бақытжан Базарбек осыған орай пікір білдірді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Депутат айтқандай, Конституция жобасында жерді сатуға рұқсат беретін, қандай да бір тыйымды алып тастайтын бірде-бір норма жоқ. Қолданыстағы Конституцияның 6-бабындағы редакция ешқандай өзгеріссіз жаңа жобаның 8-бабына енгізілген.

Ол: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін, – деді.

Бақытжан Базарбектің пікірінше, ел-жұртты жаңа Конституция жобасында жоқ нормалармен қорқыту – қасақана ұйымдастырылған ақпараттық шабуыл.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге беруге тыйым салынған. Жаңа Конституция жобасы бұл норманы жоймайды, әлсіретпейді және қайта қарастырмайды.

AMANAT партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы жер қатынастары саласындағы заңсыздықтардың алдын алумен айналысады. Осы комиссия төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек соңғы төрт жылда мемлекетке 14 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылғанын айта келе: «Бұл – жай сөз емес. Бұл – нақты көрсеткіш. Жерді халыққа қайтаруға бағытталған нақты мемлекеттік саясат», – деді.
Депутат жаңа Конституция жобасы жерді шетелдіктерге сатуға ешқандай мүмкіндік бермейтінін тағы да нақтылады.
«Жер – ұлттық байлық. Ол бұрын да халыққа тиесілі болды, қазір де солай, әрі қарай да солай болып қалады», – деп кесіп айтты.

JQ-Aqparat

Фото: kursiv

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?