jasqazaq.kz

«Бақытты жанұя» орталығында 550-ден аса азаматша кәсіптің қыр-сырын үйренді

17 қазан 2022, 15:16

Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету.

Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 550-ден аса ана өткен.

Бүгінгі таңда, қала бойынша 31 382 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау (Медициналық Әлеуметтік Сараптама Жүргізу (ВТЭК) тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 501 азаматтарға психологтың жеке кеңесі, 358 азаматтарға заңгер кеңесі берілген.

Табыс тауып, кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін арнайы тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары ұйымастырылған. Кәсіптік тегін оқу курсынан өткен азамтшалар арасында кәсіптің қыр-сырлары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанды. Бүгінде кәсібін ашқан азаматшаларға құқықтық көмектер көрсетілуде.
Орталық мұнан өзге, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелу, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру және тұрғын үй мәселесі бойынша kezekte.kz порталына тіркелу қызметтерін көрсетіп келеді.

«Бақытты жанұя» орталығы» КММ мен «Отбасы банк» АҚ-мен арасында түзілген әріптестік меморандум аясында орталықтың ғимаратында банктің мамандарының арнайы бөлмесі жасақталып, 1 119 аналарға тұрғын үй мәселесі бойынша ақпараттық қызмет көрсетілді. Соның нәтижесінде 4 ана «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болған.

Қазіргі таңда, «Бақытты жанұя» орталығының тиімді жұмыс тәжірбиесін үйрену мақсатында, Республикамыздың өзге аймақтарынан басшылары мен жауапты қызметкерлері келіп (Астана, Қарағанды облысы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Батыс Қазақстан облысы және т.б.) жұмыс барысымен танысып тәжрибе алмасты.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті