jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бақытбек Смағұл: Жастарды әскерге көшеден ұстап алып кету – ұят нәрсе 

30 маусым, 13:10
12

Бақытбек Смағұл: Жастарды әскерге көшеден ұстап алып кету – ұят нәрсе 

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл жастарды әскерге мәжбүрлеп әкету жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Қарулы Күштері қанша ақталса да, жалпы қоғамды мұндай ұятты жағдайды қалыптастыруға болмайды. Әскери комиссариаттардың шақыру қағазы болсын, алдын ала таратсын, адамдарды көшеден ұстап, емтихан тапсырғандарды сүйрелеуі – ұят нәрсе. Әскерге сол азаматтардың қызығушылығын, құштарлығын оятуымыз керек, Отанға деген сүйіспеншілікті сылдыр сөзбен емес, мөлдір сезіммен, жүрек көзімен көретіндей жастарға насихаттауымыз керек», — деді Б. Смағұл Депутаттың айтуынша, әскери журналистер Қарулы Күштер жасаған ерліктерді көптеп насихаттағаны жөн, әскери саланың жақсы жағын да көрсете білу керек.

«Әскердегі көптеген келеңсіз жағдайлар мен мәселелерді түбегейлі шешіп, үлкен өзгерістер жасауымыз керек. Әскерді, Отанға деген құрметті, махабатты ояту керек. Кәсіби әскерді де нақты сұрыптау керек. Әлеуметтік қамтылуы тағы бар. Сондықтан әскерге ерекше мән беру керек. Өйткені, әскері қауқарсыз ел жалтақ болады. Әскери жазалар да қатаң орындалуға тиісті, сонда ғана өзімізді сұрыптай аламыз. Келіп жатқан сержанттар да, олардың дайындықтары да әлемдік деңгейдегі талаптарға сай болуы керек», — деді Бақытбек Смағұл.

12 тамыз, 11:06
Қонаевтың қолын қысқан күн
05 тамыз, 11:03
Шераға қадір тұтқан ірі тұлғалар
15 шiлде, 12:01
«Сіз бай болсаңыз, біз кедейміз»
15 шiлде, 11:51
Wimbledon бізге де бұйырды!
15 шiлде, 11:25
Нан ауыз тисе жетті емес пе?!.
15 шiлде, 11:11
Ұшты, ұшты баға ұшты
15 шiлде, 11:04
«Ел аумағының қорғаны – әскери авиацияның қуатында»
08 шiлде, 11:57
Алғыр алпыс (немесе ғылыми емес баяндама)