Бақшалық жер сырбойылықтардың тұрмыс сапасына оң әсер ете бастады

18 шiлде 2023, 10:30

Биыл Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бақша дақылдарын егу үшін өңірде 3342 гектар жер арнайы дайындалды. Оның 3282 гектарына, атап айтқанда, 1021 гектарына картоп, 866 гектарына көкөніс, 1395 гектарына бақша дақылдары егілді.

Тұрғындар тағы да қосымша жер дайындауды сұрап, егін егуге ынталы екенін білдіруде. Бұл бақшалық жер дайындаудың еңбек адамына қолайлы, тұрмыс сапасын арттыруға оң әсер еткенін көрсетеді.
Айта кету керек, өткен жылдан бастап өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақшалық дақылдарды егуге жер дайындалып, бақша егуге ынта білдіруші әр отбасына маусымдық кезеңге уақытша он сотық жер беру үрдісі қалыптаса бастады. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты бұл іске қолдаушы болды. Жер, аяқсу, т.б. барлық мүмкіндігі жасалды. Бұдан бөлек бақша өнімдерін егемін дейтін қала тұрғындары үшін тегін тұқым қарастыру мәселесі де шешімін тапқан.
Мұнда тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша дақылдарымен өзін-өзі қамтамасыз ету мақсаты көзделген болатын. Мұны аймақ басшысы арнайылап тапсырып, халыққа бақша егуге қажетті жағдай жасауды міндеттеді. Соның аясында былтыр жұртшылық бақша дақылдарын егіп, қыс азығын қамдаған еді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып отыр. Мәселен, қазір 5488 отбасына жер телімдері беріліп, аяқсу жүргізілді. Соның нәтижесінде тұрғындар өздерін бақша дақылдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды.
Осы ретте облыс әкімі қала, аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына алдағы уақытта бақшалық жерді жергілікті халықтың сұранысына сәйкес жоспарлап дайындауды тапсырды. Сондай-ақ дақылдардың нақты су тұтыну нормасына сәйкес су беру кестесін шаруалармен келісіп жасау керектігі баса айтылды. Тиісті басшыларға егінге су беруді үйлестіріп, жиын-терімге дейін барлық жұмыстарға тұрақты бақылау жасау жүктелді.
Бұл ретте аймақта су тапшылығына орай жаңбырлатып, тамшылатып сурау сияқты су реттеу технологияларын барынша пайдалану жобалары қолға алынған.

А.Жұмабекқызы,
Қызылорда

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды