jasqazaq.kz

«Байқауға трансгендер қатыса алады». «Мисс Қазақстан » байқауының директоры сөзінен тайқып шықты

18 маусым 2025, 22:24

Бүгін күндіз өткен баспасөз мәслихатында «Мисс Қазақстан» байқауының директоры Айжан Рузаева «трансгендер де арулар байқауына қатыса алады» деп еді.

«Рlus-size туралы айтсақ, plus-size (толық — ред.) қатыса алмайды дегенді сіздерге кім айтты. Мен бәрін де күтемін. Тіпті трансгендер болса да, бұл — таңдау еркіндігі. Егер ол өзін солай сезінсе, байқауға қатыса алады. Біз бәріне бірдей қараймыз. Рlus-size қыздар келсе де, егер сұлу, тартымды болса, оларды да қарастырамыз», — дей келе, ол «өкінішке қарай, ондай қыздарды әлі көрмегенін айтты.

Осылайша трансгендерге есікті айқара ашып, толық қыздардың кеудесінен итерген Рузаева кешке қарай өз сөзінен тайқып шықты.

«Бұл ақпарат контекстен жұлып алынған, менің айтпағым ол емес еді. Тағы да қайталаймын — байқауға қатысушыларға қойылатын талап: 18 жастан бастап, бойы 165 см, тұрмысқа шықпаған, баласы жоқ қыздар кастингке және байқауға қатыса алады. Тағы да қайталаймын — қыздар!» — деп шыр-пыр болып жатыр.

Рузаева қанша ақталса да, «Айтылған сөз — атылған оқ». Бейнежазба тарап кетті ғой.

Jas Qazaq

Сурет: Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам