Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау, инклюзивті даму және ерекше қажеттіліктері бар жандардың өмір сапасын арттыру – қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар мен өкілді билік органдары, соның ішінде мәслихаттар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Осыған орай біз Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлымен сұхбаттасып, қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы сұрап білдік.
— Бахадыр Мәдәліұлы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша Шымкент қалалық мәслихатында тұрақты түрде қоғамдық тыңдаулар немесе арнайы жиындар өткізіліп тұра ма? Соңғы уақытта қандай мәселелер талқыланды?
— Шымкент қаласының мәслихаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қала халқының еркін білдіретін және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылайтын өкілді орган.
Дегенмен мәслихаттар әзірлейтін және бекітетін жергілікті бюджет бағдарламалары арқылы мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетілетін қызметтерді реттеуші рөлді атқарады.
Сонымен қатар, мәслихат сессиясында жергілікті бюджетке мүгедектерге арналған әлеуметтік қолдау шараларын қамтитын бағдарламаларды бекітеді (мысалы, «мүгедектерді әлеуметтік қолдау», оңалтуға көмек, әлеуметтік такси, техникалық құралдармен қамтамасыз етужәне т.б.). Тікелей жұмыс жүргізетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы техникалық көмектесетін құралдармен, протез, тифлотехникалық құралдармен, санаторий-курорттық емделумен қамту сияқты қызметтер бюджет арқылы қаржыландырылады және мәслихат осы бағдарламаларды бекітеді. Атап айтқанда, «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне сәйкес:
— 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай мүгедектік алған және тікелей қатысқан 483 адамға – 45 АЕК- тен 85 462,0 мың теңге;
— 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне мүгедектігі бар 7 289 балаларға 5 АЕК-тен 143 302,0 мың теңге; — В-20 ауруы бар 140 адамға ай сайын 24 АЕК-тен 157 877,0 мың теңге;
— Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде диспансерлік есепте тұратын қатерлі ісіктері бар балаларға ай сайын 193 балаға 10 АЕК тен 78 620,0 мың теңге;
— Тірек-қимыл аппараты бұзылған 1-2 топтағы мүгедектігі бар адамдар мен балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға ай сайын 5 АЕК-тен 816 873,0 мың теңге әлеуметтік көмектер қаралған.
Мүгедектігі бар адамдардың күтушілеріне санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 пайызы мөлшерінде көмек берілуде.
Сонымен қатар, «Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібімен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, оқыту шараларына ақы төлеу тәртібі бекітілді.
Шымкент қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы» Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы есебі тыңдалды. Есеп Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясында, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында кеңінен талқыланып, 2025 жылғы 11 маусым күні Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХVІІ сессиясында бекітілді.
Қалада «Шымкент қаласында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі», «Шымкент қаласында әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссиясы» құрылған. Комиссия құрамында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары енгізілген. Депутаттар комиссия жұмысына тұрақты қатысуда.
— Мүгедектігі бар азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар мен осы саладағы белсенділердің ұсыныстары мәслихат отырыстарында қаралып, шешімдерге айналып жатыр ма?
— Муковисцидоз диагнозымен ауыратын 6 балаға «Урсофальк» дәрілік заты және тегін берілетін дәрілер тізбесіне 6 нозология бойынша дәрі-дәрмектер (Анакинра, Тезепелумаб, Секукинумаб, Селуметиниб, Сатрализумаб, Селексипаг) енгізу бойынша мүгедектігі бар адамдардың қамқоршылары В.Смирнова, Г.Эрмухамедова,Ж.Шымырбекова, К.Павлюк М.Савченко, Н.Жақсыбаевалардың және т.б. белсенді азаматтардың ұсыныстары жеке қабылдауда, депутаттармен кездесуде, тұрақты комиссиялардың отырысында қаралып, бірнеше рет талқыланды.Ұсыныстар зерделеніп, нәтижесінде аталған дәрі-дәрмектер тегін берілетін дәрілер тізбесіне енгізу бойынша «Шымкент қаласы азаматтарыныңжекелеген санаттарына амбулаториялық емдеукезінде тегін медициналық көмектің кепілдікберілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдардықосымша тегін беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімі қабылданды.
— Қала көлеміндегі инклюзивті даму саясатының заңнамалық және құқықтық негіздерін жетілдіру бойынша қандай ұсыныстар әзірленуде немесе қолдау тапты?
— «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер деп танылады және оларға жергілікті атқарушы орган тарапынан өз құзыреті шегінде ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсетуге құқылы.
Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері жергілікті атқарушы органмен белгіленеді және жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.
Бұл ретте, әлеуметтік көмек әр өңірдің жергілікті бюджетінің мүмкіндігіне қарай көрсетілетіні анық, алайда мүгедектігі бар жандар бюджеті тапшыл өңірде тұратынына кінәсі жоқ. Диагноздары, қабылдайтын дәрі-дәрмектері мен емшараларының көлемі мен бағасы ұқсас болуына байланысты, мүгедектігі бар жандар басқа өңірлерде көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері мен мөлшерін талап етіп, наразылық білдірген болатын.
Шымкент қаласы мәслихатының тарапынан әлеуметтік теңсіздікке жол бермеу мақсатында, жергілікті атқарушы орган тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін санаттарға қарай барлық өңірлер үшін бір көлемде белгілеу бойынша ұсыныс енгізілді.
Соның нәтижесінде, республика бойынша бірыңғай төлем сомасы бектілді.
— Жергілікті бюджетті бекіту кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер мен жобаларға қаншалықты қаржы бөлінеді? Осы бағыттағы нақты жобалар мен қаржыландыру көлемі туралы мәлімет бере аласыз ба?
— Шымкент қаласында 42 479 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, оның ішінде:
— бірінші топтағы мүгедектер – 4 876;
— екінші топтағы мүгедектер – 15 567;
— үшінші топтағы мүгедектер – 13 7612);
— 18 жасқа дейінгі 8 275 мүгедек балалар.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша 2025 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 14,7 млрдтеңге бөлінді.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің ЭЦП электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізді.
Мүгедектігі бар азаматтарды абилитациялаудыңжәне оңалтудың жеке бағдарламасына әлеуметтік көмектер көрсетіліп қамту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға, 41 788 өтінім келіп түсіп, 30 167 (72,2%) қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:
— протездік-ортопедиялық көмек құралдарына 594 807,0 мың теңге;
— сурдотехникалық құралдарға 158 767,0 мың теңге;
— тифлотехникалық құралдарға 518 075,0 мың теңге;
— міндетті гигиеналық құралдарға 4 670 086,0 мың теңге;
— арнаулы жүріп тұру құралдарына 353 749,0 мың теңге;
— жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметіне 3 573 768,0 мың теңге;
— есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметіне 317 572,0 мың теңге;
— мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 1032 балаға 109 561,0 мың теңге;
— шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға 3 945 594,0 мың теңге;
— мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы жабдықталған Инватакси қызметіне 38 автокөлікке 241989,0 мың теңге бөлінген.
Ағымдағы жылы 1 120 мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда, Еңбек мобильдігі орталығымен 585 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа жолданды. Атап айтсақ: 20 адам «Күміс жас» жобасына, 125 адам қоғамдық жұмысқа орнына, 28 адам жастар практикасына, 11 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 1 адам алғашқы жұмыс орны жобасына, 209 адам тұрақты жұмысқа, 166 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша және 1 адам кәсіптік оқытуға жолданған.
Сонымен қатар, 24 мүгедектігі бар адамдар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар алған.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2025 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша 60 жұмыс берушіде 199 жұмыс орны белгіленген. Белгіленген квотаға сәйкес, 76 мүгедектігі бар адам жұмысқа жолданған.
Сонымен қатар, Басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін коммуналдық мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі-Орталықтар) жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшуде.
Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту мақсатында биылғы жылы қалада екі Орталық ашылуда. Атап айтсақ:
Сондай-ақ, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі(бұдан әрі – Орталық) жартылай стационарлық жағдайда психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда, Орталықта 150 аутизм және басқа да ментальды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер алуда.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі 927 адамға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Оның ішінде:18 жасқа дейінгі балалар – 188 (тірек қимыл аппараты бұзылған балалар – 140, психоневрологиялық ауытқуы бар бала – 48), 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар адамдар – 98, жалғыз ілікті қарттар – 644 (1,2 – топ мүгедектігі бар – 88, зейнеткерлер – 473, тыл ардагерлері — 83).
Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №19 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс атқаруда.
Спорт мектепте Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Паралимпиадалық емес және Спешиал-Олимпикс бөлімдері бар. 388 спортшы спорттың 18 түрімен шұғылданады. Олар: суға жүзу, жеңіл атлетика, үстел тенисі, голбол, садақ ату, таеквондо, шоудаун, еркін және грек-рим күресі, футзал, футбол, дзюдо, армрестлинг, пара би, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, баскетбол. Спорт мектепте ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері – 1, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 10, ҚР спорт шебері -16, спорт шеберлігіне кандидат – 52, І санатты – 7 спортшы бар. ҚР ұлттық құрамында 103 спортшы енгізілген, оның ішінде Паралимпиалық спорт түрлерінен 34 спортшы; Сурдлимпиалық спорт түрлерінен 54 спортшы; Паралимпиалық емес спорт түрлерінен 15 спортшы. Спортшылардың оқу-жаттығу өтетін орындары: «Қажымұқан атындағы орталық стадион»; «Жеңіл атлетикалық спорт кешені»; «Садақ ату» спорт кешені»; «Денсаулық» су-спорт кешені»; «Металлург» спорт кешені»; «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» спорт залы; Шымкент қаласының көру мүшелері төмен жандарға арналған арнайы кітапхананың спорт залы; «Үміт» мектеп-интернатының спорт залы; «Жігер» күрес залы; «Сұңқар» спорт кешені»; Сайрам көмекші мектеп-интернат колледжі арнайы кешенінің спорт залы.
2024 — 2025 жылдың шілде айына дейін спортшылар спорт түрлерінен 222-алтын, 181-күміс, 123-қола иеленді. Оның ішінде Әлем чемпионаттарында 1-күміс, 2-қола, Әлем Кубоктарында 4-алтын, 3-күміс, 3-қола, Азия Чемпионаттарында 2-алтын, 1-күміс, 2-қола. Әлемдік серияда 1-күміс. Халықаралық лицензиялық турнирде 4-қола. ҚР жазғы VII Спартакиадасында 39 алтын, 19-күміс, 14- қола. Қазақстан Республикасының Чемпионатында 147-алтын, 126-күміс, 76-қола.
Қазақстан Республикасының Кубогында 27-алтын, 23-күміс, 17-қола. Қазақстан Республикасының және Халықаралық Турнирде 3-алтын, 7-күміс, 5-қола. Спорт мектептің жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен және ұлттық құрама сапына енген 55 спортшысына ай сайынғы ақшалай төлемдері тағайындалған.
2025 жылға арналған спорттық бұқаралық іс шаралар күнтізбе жоспарына сәйкес үстел теннисі, шағын футбол, шахматтан түрлі жас ерекшеліктері бойынша «Нашақорлыққа қарсы күрес», «Салауатты өмір салауатты насихаттау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында мектептің Ашық Біріншіліктері өткізілді.
«Шымкент қаласының №19 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» КММ-ге 2025 жылға жергілікті бюджеттен спортшыларды дәрі дәрмектер мен дәрумендермен қамтамасыз етуге 1135,0 мың теңге, спорттық мүкәмаллар мен спорттық құралдар сатып алуға 8465,2 мың теңге, спорттық іс шараларға 58513,0 мың қаралған.
Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті. Сол себепті әрі қарай да бұл бағытта жұмысымызды жалғастырамыз.
-Бахадыр Мәдәліұлы, толыққанды ақпаратыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық