jasqazaq.kz

Бағлан Әбдірайымов: Содан кейін олда өзінің кумирінің қателігін қайталауы мүмкін

10 қараша 2017, 16:37


Бағлан Әбдірайымов бүгінде өнер иелерінің қоғамда құны түсіп кеткенін айтып, дабыл қағуда. Отандық шоу-бизнес өкілдерінің шынайы бет-пердесін ашып берді. Әсіресе, жеке өмірін жұртқа жария қылатын әріптестерінің қылығын түсіне алмай жүр, деп хабарлайды stan.kz.

«Бір өкініштісі іні-қарындастарымыз осы өнер адамдарының әндерін жаттап, фанаттары болып, гүл шоқтарын сыйлап, хаттар жазып, түрлі сыйлықтар беріп қолдау көрсетіп жатады ғой. Ал, олардың жеке өміріндегі келеңсіз жаңалықтары жайлы айту керек емес сияқты. Өйткені іні-қарындастар өсіп келе жатыр», – дейді Бағлан.

Бағланның бұлай деуінің де өзіндік себебі бар! Әншінің сөзінше, жұлдыздардың жеке өмірі жайлы ақпарат тыңдармандардың психологиясына әсер етіп, санасына сызат түсіреді деп отыр.

«Мысалы, бір әнші әпке немесе қарындасымызды алайық. Оны барлығы жақсы көреді. Бірақ ол бірнеше рет тұрмысқа шыққан. Баласы бар делік. Оның барлығы сол әртісті жақсы көретін кішкентай қыздардың санасына әсер етеді. Өйткені оның әнін жаттайды, оның өміріне қанық болады. Кейін есейген соң психологиясына әсер етеді. Кезінде менің де сүйікті әншім ажырасқан еді ғой, бірнеше рет тұрмыс құрған еді ғой деп. Ештеңе етпес, бақытын тауып жүр ғой деп жас қыздың санасына қалыптасады. Содан кейін олда өзінің кумирінің қателігін қайталауы мүмкін. Одан кейін отбасындағы алған ата-анасының тәрбиесі жайына қалады. Өйткені, өзім білемінге кетіп қалады», – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Бағлан әріптестерін де сынға алды. Әбдірайымовтың айтуынша, әлеуметтік желіде отыратын әншілер қауымының шынайы бейнесі мың құбылатын көрінеді. Инстаграмды ақылдының кейпіне енгенімен, өмірде керісінше әрекет жасаған жұлдыздардың қылығына талай мәрте куә болған.

«Менің байқағаным әркім өзінің парақшасын дұрыс пайдаланғаны дұрыс сияқты. Өмірде басқа болып, әлеуметтік желіде басқа сөз айтып жүру дұрыс емес. Кейбір кезде әртістерден сондай нәрселерде байқалады», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы