jasqazaq.kz

Бағанашылдағы балалар үйін көшіру туралы мәселеге нүкте қойылды

03 наурыз 2025, 15:17

Бағанашылдағы балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейтін болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева желідегі парақшасында осындай жақсы жаңалықпен бөлісті. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Алматы облысы әкімінің кездесуінің нәтижесінде осындай шешім қабылданыпты.

Д.Зәкиева: «Бағанашылдағы балалар үйінде тұрып жатқан балалар сол жерде қалатын болды. Жаңа ғимарат Нүсіпбаев атындағы интернаттың балаларына беріледі», — деп жазды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Бағанашылдағы балалар үйінде бұрыннан тәрбеиеленіп жатқандар орнында қала беретінін, ал жаңадан қабылданатындар Қонаевтағы ғимаратқа орналасатынын айтты. 4000 шаршы метр заманауи ғимарат 240 орынға арналады. Кешен биыл жазда пайдалануға берілуі тиіс.

JQ-Aqparat
Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады