jasqazaq.kz

Б. Сағынтаев: Қалыңдық ұзатылуға дайын, бірақ алатын жігіт жоқ!

06 желтоқсан 2016, 11:39

20161206112704Бүгін Үкімет отырысында мемлекеттік-жекеменшік əріптестік туралы министрлер мен əкімдердің баяндамасын тыңдаған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл салаға қатысты айта келе: «Қалыңдық ұзатылуға дайын, бірақ алатын жігіт жоқтың» кебін киіп отырмыз, — деді.ҚазАқпарат хабарлағандай, «баяндамалардан білгеніміз, бұл бағытта белгілі бір жұмыстар қолға алынған екен. Министр (Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев — агенттік) баяндағандай, заңнамалық база жасалған. Аймақтардың əкімдері баяндағандай, оларға лимит беріледі екен. Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік саласында шамамен 300-дей жоба бар екенін де білдік. Баяндамаларыңыз, əрине, жақсы. Дегенмен, «қалыңдық ұзатылуға дайын, бірақ алатын жігіт жоқ» дейді ғой. Тура соның кейпін киіп отырмыз. Осы мемлекеттік-жекеменшік əріптестік туралы үнемі айтып жүрміз, заңнаманы да үнемі өзгертеміз. Бірақ, əлі күнге дейін тек ауызбен жоспарды ғана айтып келеміз», — деді Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Үкімет басшысы атап өткендей, мемлекеттік-жекеменшік əріптестік балабақша салуға пайдасын тигізуі керек. «Егер жоспар орындалса, 2017-2019 жылдар аралығында 1630 балабақша салады екенбіз. Ерлан Кенжеғалиұлы (Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев — агенттік), егер де осы екі жыл ішінде салынатын 1630 балабақшаның тым болмағанда жартысын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында сала алсақ, жөн болар еді. Бірақ, бұл салада қаралмаған əлі талай дүние бар», — дей келе, Үкімет басшысы ең алдымен мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясындағы жобалардың қаралу мерзімін азайту керектігін айтты. 

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету