jasqazaq.kz

Бүркітті ауылы қар астында қалды (видео)

02 наурыз 2017, 21:00

Қарағандының Бүркітті ауылына биылғы қыс оңай соқпады. Ауылға қардың көп түскендігі соншалық, үйлер көрінбей қалған.

Қарағандының Қарқаралы ауданына қарасты бұл ауылда апталап соққан боранның салдарынан үйлердің шатырына дейін қар басып қалған. Тұрғындар үйлеріне кіруі үшін үңгір жасап, туннель арқылы өтуге мәжбүр. Ауыл ақсақалдары мұндай қар бұл өңірде 40-50 жыл бұрын болғандығын айтады.

«Біз өзімізді «үңгір адамдары» деп атаймыз. Себебі олардан еш айырмашылығымыз жоқ. Үйге кіргенде үңгірге кіргендей боламыз. Қолымыздан күрек түспейді, күн сайын қар тазалаймыз, үйеміз, сыртқа шығарамыз. Қыс бойы «шықпа жаным, шықпа» деп отырған жайымыз бар. Күнде таңертең қорқынышпен оянамыз. Аршып қойған туннелімізді қар басып қалған шығар, үйден далаға шыға алмай қалсақ не болады деген ойлар мазамызды алады. Үйге кіргенге дейін балаларды қар басып қала ма деп қорқып отырамыз. Мал бағу да қиындап кетті. Туннель болып аршылған қардың ортасынан үй жануарлары қораға өткілері келмей, далаға қашады. Ал, қорадан шыққан мал қардың үстімен жүріп, кейде тіпті шатырға да шығып кетеді», — дейді Бүркітті ауылының тұрғындары.

Baq.kz сайты жазғандай көктем жақындағалы тіпті мазамыз қашты дейді тұрғындар. Олар күн жылынып, қар еріген уақытта үйлердің, қора-қопсының, мал мен үй жануарларының жағдайы не болады деп уайымдайды.

«Биылғы қар масқара. Қардың қалыңдығы соншалық, тіпті биіктігі 3 метр қора мүлдем көрінбейді. Мына қар ерісе не болатынын білмеймін. Күн жылынып кетсе, еріген қар үйге кіреді енді, басқа қайда барады. Таңертең 6-да тұрамыз, содан қар лақтыру. Шамам келгенше, үйге, қораға тесік жасап, қарды күреп қойдым. Өміріміз осы, тышқан секілдіміз. Дүкенге барып нан әкелудің өзі мұң, жол жоқ. Көше жақ мүлдем күрелмеген, трактор келген жоқ. Бізді ұмытқалы қашан», — деп шағымданады Хамит Раисханов.

Қар басып қалған үйлердің иелері ауыл әкімдігінің қызметіне көңілі толмайтынын айтуда.

«Әкімге барып, қал жағдайымызды айтайық десек, таппаймыз. Үйінде отырмайды, не «конторында» жоқ. Қайда деп сұрасақ, «Қарқаралыда» дейді. Қарқаралының әкімі ме, ауылдың әкімі ме білмейміз. Қарқаралыдан келіп істейтін көрінеді», — дейді ауыл ақсақалы.

Бүркітті ауылы әкімінің айтуынша, ауылдағы қар басып қалған үйлер саны 15 шақты. Бұл үйлер ауылдың шетіне қарай орналасқандықтан қар ерекше көп түскен.

«Бүркітті ауылында 1300-ге тарта адам тұрады. 15-ке тарта үйді қар басып қалды. Күн жылынып, қар еріген уақытта бұл үйлерді су алып кетпеуін қадағалайтын боламыз. Жақын күндері қар тазалайтын техника келеді. Қарды тазалаймыз», — деді ауыл әкімі Бауыржан Қапашев.

20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда