jasqazaq.kz

Бұл қалада қазақша көше жоқ

22 қазан 2016, 11:02

bez-nazvaniya

Қарағанды облысы Саран қаласындағы 238 көшенің ең болмағанда біреуі қазақшаға өзгертілсе деген халықтың арманы орындалмай отыр.

«Рабочая», «Фестивальная», «Веселая», «Солнечная» сияқты Саран қаласындағы көшелердің саны130-дан асып жығылады. Мұндағы 238 көшенің қазақ тіліндегісі бар болғаны сегіз пайызды ғана құрайды. Тұрғындар көшелердің аттарын тарихи атауларға өзгертуді сұрап, жауапты мекемелерге ұсыныс хат та жолдапты.

«Бірақ көше аттарының ескіріп, мән-мағынасыз екенін мойындаған тілдерді дамыту бөлімінен әлі күнге дейін жауап жоқ», — дейді ашынған тұрғындар.

Саран қаласының тұрғыны, Адамжан Мұсабеков орталық алаңға Қазақстанға көп еңбегі сіңген Қонаевтың атын беруді сұрайды.

«Бізде орысша аталған көшелер бар. Мысалы Рабочий көшесі, жақсы ұзын көше. Кіреберісте. Соған мысалы Абылай ханның атын беруге болады», — дейді Саран қаласының тағы бір тұрғыны Тоқан Ақпанбаев.

Дегенмен Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа көше аттарын ауыстыруға орындауға асықпайды. Өйткені, даңғылдардың аттарын ауыстыру жат нәрсе деп отыр.

Бірақ екінші бір сөзінде қала әкімі атауларды ауыстыру мәселесі қаралып жатыр дегенге сендірді. Сөзінше, құжаттар да әзірленіп жатқан көрінеді. Ал көшелердің есімі қашан жаңартылатынын шенеунік айтпады.

31.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету