Әзілкеш Марат Достаев: Жан қиналғанда103-ке телефон шаламыз

12 шiлде 2023, 15:21

Танымал актер әрі әзілкеш Марат Достаев өзінің қауіпті дертпен күрескен кезін еске алды. Бұл туралы өнер иесі отандық бағдарламады айтты. «Қауіпті диагноз қойды. Бауыр циррозы. Басымызға күн туса 102-ге, жаның қиналғанда 103-ке телефон шаламыз. Сол телефон соққанда арғы жақтан дұрыс реакция болсын дейміз. Екі рет жедел жәрдем шақырдым. Екеуінде де: «Температураңыз 37 градус», — деп, алмай кетті. «Өзіңіз бір тексеріліп, қаралсаңызшы. Сізді апарсақ, бізге ұрсады», — деді. Жасыратыны жоқ, қаладағы дәрігерлерге де бардым. «Бізде анализ жөнді шықпауы мүмкін, жеке емханаға барыңыз», — деді. Билирубинім 356-ға жетіпті. Оның қалыпты нормасы 18 болуы керек. Сол кезде жеке емханаға барып, әуелі Алла, кейін дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Өте қауіпті нәрсе екен. Оны кейін білдім», — деді ол. Марат Достаев мұндай ауыр дертке шалдығуына ұйқы мен тамақтың дұрыс болмауын себеп деп есептейді. «Киноиндустрияда жүрген, сериал-киноға түсетіндер жақсы біледі. Бізде тәулігіне екі рет қана бір сағаттан ұйықтайтын кездер болады. Кейде он күн ұйықтамай, екі күн қатарынан ұйықтайсың. Оның өзі ағзаға үлкен күш. Фастфуд жейсің, түнгі сағат 3-4 шамасында тамақ іше саласың. Қазір денсаулығым шүкір, жаман емес. Бірақ әлі емделетін тұстары бар», — деді актер.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды