Әйелдерді ажырасуға итермелейтін себептердің негізгісі – отбасында ер адамдардың мінезін өзгерткісі келмей, қарым-қатынасын сақтап қалуға тырыспауы. Сондай-ақ, әйелдер жылдар бойы отбасылық өмірдің өршіп кеткен қиындығын көтере алмай, күйеуіне қарағанда ажырасуға екі есе жиі өтініш білдіреді екен. Мұндай қорытындыны Мичиган университетінің зерттеушілері шығарды. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.
Ғалымдар 16 жыл бойы 355 отбасылық жұпты зерттеген. Әрқайсысынан бірнеше рет: отбасылық өмірдің басында, екінші, үшінші, төртінші айында, содан кейін жетінші айында және 16 жылына дейін сұхбат алған.
Күйеулеріне қарағанда әйелдер қарым-қатынастың тым күрделі, ауыр екеніне шағымданған. Ерлер қарым-қатынасына көңілі толмайтынын айтпаған кездерде де, әйелдер наразылығын бірден жайып салған. Мұндай жағдайдан кейін көп жұп ажырасып кеткен.
Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, 16 жыл ішінде 40 жұп ажырасқан.