jasqazaq.kz

«Ажыраса беру керек пе?». Нұрлан имам ерлерге кеңес берді

21 сәуiр 2025, 16:03

Елімізде отбасындағы қарым-қатынас туралы айтқанда Нұрлан имамға тең келетін ешкім жоқ. Мәселен, әлеуметтік желідегі тікелей эфирде ол кісіге «Әйелі күйеуінің тапқан ризығына разы болмаса, ол әйелді не істеу керек?» деген сауал қойылды.

Нұрлан имам: «Ешнәрсе істемеу керек. Әйел өмір-бақи риза болмайды. Ұрып, тепкілеп, ажыраса беру керек пе? Әйелге көп ақша керек. Қымбат тон, бриллиант алғысы келеді. Сенен мықты ата-бабамыз бен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдері айтқан. Онда тұрған не бар?», — деп жауап берді.

Сондай-ақ ол ер адамдарға мынадай кеңес берді: «Егер отбасында кикілжің мен ұрыс шығып қалса, еркек үнсіз үйден шығып кеткені абзал. Сыртта біраз жүріп, ашуы тарқаған соң үйіне келіп, «жаным, күнім» деп әйеліне жылы сөздерін айтқаны жөн».

JQ-Aqparat

Фото: egemen.kz

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк