Алматыдағы балалар киімін сататын дүкендердің бірінде егде жастағы әйел немересіне киім ұрлап, сатушыларды сан соқтырып кеткен. Дүкен басшылығы желіде жазба қалдырып, әйелді іздестіріп жатыр.
NUR.KZ. хабарлағандай, әйелдің алдымен сатушыны алдап киімге ақша төлемей, оны сөмкесіне салып алғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Әжей сатушыға немересіне қызының өтініші бойынша киім алуға келгенін түсіндірген. Енді дүкен қожайындары ұрлықшы әйелді әлеуметтік желі арқылы іздестіріп жатыр.
Олардың айтуынша, әйел туралы ақпаратты берген адамға арнайы сыйақы да бар екен.