jasqazaq.kz

«Қазавтожол» басшылығы мен мемлекеттік аудиторлар ұсталды (видео)

20 желтоқсан 2016, 14:51

Қазавтожол» басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары Б.Копобаев пен А.Жәңгірбаевті ұстады.

«Лауазымды тұлғалар жоспарлы түрде өтетін тексерістер кезінде «Қазавтожол» бас директоры С.Мұқашевтан мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатындағы ереже бұзушылықтарды көрсетпеу үшін 16 000 000 теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ, бұл қылмысқа «Қазавтожолдың» облыстық филиалдарындағы басшылары да тартылған. Олар мемлекеттік аудиторларға пара жинап жүрген», — делінген хабарламада.

«Аса ірі көлемде пара алғаны үшін мемлекеттік аудиторлар Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаева, пара бергені үшін бас директор С.Мұқашев, оның орынбасары Е.Шәмішев, бас есепші Ш.Қорғанова, бөлім жетекшілері Б.Елемесов, К.Әжіғұлов, сонымен қатар, «Қазавтожол» облыстық филиалдарының жетекшілері ұсталды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта пара бергендер мен пара алғандар Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету