Азаматхан Әміртаев: Ұлттық құрылтайдың Әділетті Қазақстан құрудағы орны ерекше

10 қыркүйек, 12:26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұлт болашағына қатысты мәселелерді талқылайтын бірегей алаң — Ұлттық құрылтай құрылғаны белгілі. Бүгінде құрылтай аса маңызды дүниелерді шешетін саяси күшке айналды. Jasqazaq.kz тілшісі Ұлттық құрылтай мүшесі, «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртаевтан Ұлттық қордың маңызы жайында сұрап-білді.

-Азаматхан Сайлауұлы, қоғамдық институттар арасында Ұлттық құрылтайдың алар орны қандай? Ұлттық құрылтайдың жүріп өткен жолы туралы айтып берсеңіз.

— Ұлттық құрылтайдың Президент жанынан құрылғанын білесіздер. Бұл Ұлттық құрылтайдың стратегиялық орны ерекше, яғни Ұлттық құрылтайға кірген мүшелер — қоғамдағы әр саланың белсенділері. Құқық мәселесіндегі белсенділер, кәсіпкерлік саласындағы белсенділер, бірі экономика болса, бірі экологиялық белсенділер. Саясат пен әр түрлі маңызды салалардағы ең белсенді жандар дегім келеді. Одан бөлек, биліктегі саяси шешім шығарушы тұлғалар да құрылтай мүшелері. Ұлттық құрылтай алаңы халықпен биліктің арасында белгілі бір келісім алаңы деп айтуға болады. Соңғы рет Атырау қаласында болған жиында әр түрлі секцияларға бөліндік. Онда әр өңірде, әр қоғамда, әр салада болып жатқан нақты әрі зор саяси мәні бар маңызды мәселелер көтерілді. Ол тікелей депутаттарға айтылды. Тікелей министрлерге айтылды. Тікелей Үкімет мүшелері мен Президент әкімшілігіне айтылды. Әрине, бұл мәселелердің барлығы жазылып, Ұлттық құрылтайдың аппаратымен ол бойынша арнайы комиссиялар құрылып, заң жобалары жасалып бекітілді. Атап айтсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты, экономика мен кәсіпкерлікке байланысты, банктік жүйеге оның ішінде несиенің халыққа тигізіп жатқан зияны жөнінде көптеген мәселелер сол жерде талқыланды.

Бүгінгі күні Ұлттық құрылтай мүшелерінің қай-қайсысы да белсенді. Олар осындай алаңға кіргеннен кейін өз тарапынан қызу жұмыс атқарып жатыр. Ұлттық құрылтайды халықтың арасынан шыққан белсенділер мен билік арасында кездесу алаңы десе де болады. Мұнда әңгіме айту, бос сөз айту емес, нақты Президенттік аппарат пен құрылтай мүшелері іске асырылуын бақылайтын мәселелер шешімін табады. Сондықтан Ұлттық құрылтайдың Әділетті Қазақстан құру бағытында орны ерекше. Әрине, құрылтайдың болашақта барлық саланы қамтитындай орны кеңейе түседі деген ойдамын.

— Ұлттық құрылтайдың мемлекет пен қоғамды дамытуға арналған маңызды ұсыныстарының қайсыларын айрықша атап өтер едіңіз?

— Мысалы, идеология бойынша айтылған көптеген мәселелер бар. Ұлттық құрылтай алаңында мәдениетке байланысты, ұлттық нышан, тілдің даму мәселесі, ұлттық салт-дәстүрдің орнын қайта қарау, мемлекетіміздің дамуы мен көркеюінде ұлттық мәдениеттің, ұлттық құндылықтардың орны бөлек екенін естідім. Осы мәселелер көп айтылды. Қазір нақты айтатын болсақ белгілі заңдар да енгізілді. Сонымен қатар қазір елімізде Көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Бұл да Ұлттық құрылтайда идеологиялық мәні бар дүние ретінде айтылды. Саяси идеологиялық құндылық ретінде саяси іске асуы маңызды екендігі көрініп тұр. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық заңы қабылданды. Жастарды адастыратын, шатастыратын әр түрлі ойын түрлерін пайдалануға тосқауыл қою, сонымен қатар несие алуды тоқтату, басқа да экономикамызға кері әсерін тигізетін әрекеттерді жою қарастырылған. Экология бойынша айтатын болсам, осыған қатысты заңдарды қайта қабылдауға түрткі болдық. Жалпы мұндай саяси алаң осы Қазақстан мемлекетінің Тәуелсіздік алғаннан бері бірінші рет беріліп тұрған мүмкіндік. Бұл, әрине, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру мақсатында жасап отырған үлкен стратегиялық бағыттарының бірі. Осы алаңда көп мәселелер көтерілді, түрлі саладағы мәселелер талқыланды. Ең бастысы, мемлекеттік қызмет жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Осы алаң арқылы халыққа есіктер ашылып жатқанын көріп отырмыз. Ұлттық құрылтайдың арқасында бүгінде әр өңірде қоғамдық бірлестіктер құрылып, олар өз істерін жүзеге асырып жатыр. Айта кету керек, орта білім беру жүйесінде көп өзгерістер болып жатыр. Мысалы, мүғалімдердің айлығы көтерілді, мұғалімдерге деген құрмет күшейтіліп жатыр. Елімізді түзеу үшін біз мектептен, балабақшадан балаларымызды болашақ осы елдің азаматтары ретінде ойын қалыптастыруымыз керек. Осы бағытта нақты нәтижелер де бар. Бүгінде білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатыр. Осының барлығы Ұлттық құрылтайдың әсері деп ойлаймын.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?