jasqazaq.kz

Азамат Есқараев: Стати ісі — қатардағы көп істің бірі

29 қыркүйек 2023, 14:10

 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде  әділет министрі Азамат Есқараевқа «Қазақстан Стати әулетінің бизнесмендеріне қатысты сот процесін жүргізіп жатқанына 13 жыл болды. Жуықта Анатол Стати сұхбат беріп, кезінде Қазақстан 560 млн доллар өтеуден бас тартқанын, ал 13 жылдағы сот процестеріне жұмсаған шығындары 1 млрд долларға жақындап қалғанын мәлімдеді. Бұл ақпарат рас па? Қазақстандықтардың салығынан бұл іске қанша ақша шығындалды?» — деген сұрақ қойылды.

Министр ол мәліметің жалған екенін айтты:«Шын мәнінде бұл ақпаратты бірден терістей аламын. Ешқандай да 1 млрд доллар шығын туралы әңгіме жоқ. Шын мәнінде бұл шындыққа жанаспайтын мәлімет.

Жалпы Стати ісі біз үшін соншалық үлкен іс емес. Оны қолдан үлкейтіп көрсетудің қажеті жоқ. Бұл – қалыпты төрелік дау, қатардағы көп істердің бірі. Бізде ондай істер көп. Көп емес, ондай бірнеше іс бар. Шығындар туралы айтсақ, жыл сайын бюджетке ашық түрде енгізіліп, республикалық бюджетпен қабылданады. Ал Парламент республикалық бюджетті ашық тәртіппен қабылдайтынын білесіз. Бұл тұрғыда жабық ақпарат жоқ», – деді ведомство басшысы.

JQ-Aqparat

 

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң