jasqazaq.kz

Қаза тапқан студенттердің туысқандары компанияны сотқа береді

09 қараша 2016, 22:20

tuystary

Бүгін балаларын жер қойнына тапсырған туыстары батут орталығының басшылығынан бөлек, өрт сөндірушілердің қызметіне де өкпе білдірді. Айтуларынша, терезеден секіріп шыққан балалар іште адам қалғанын айтқан.  ktk.kz хабарлағандай,  төтенше жағдай өкілдері өрт тарамас үшін есікті ашпай, бес студент тірідей от құрсауында қалған.

Менің тілегімді орындаңыздар. Мен көпбалалы анамын. Баламды жазалаған адамдар кінәсіз қалмасын. Мен сіздерден соны өтінемін.

Жексенбі күнгі өрттен қаза тапқан Еламан Айдаралиевтің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Баласын жоқтап зар илеген анасы жауапты адамдардың жазасыз қалмауын сұрап отыр. Айтуынша, сол күні таңертең сағат 11-лерде үйінен шығып, Алматыға оқуына қайтқан. Түскі сағат екілерде аман-есен жеткенін телефонмен хабарлапты. Кешке қайғылы жағдайға душар болған. Ал бұған қатысты қатысты жауапты компания өкілдері көңіл айтуға да жарамапты.

Жанысбек Айдаралиев, марқұм Е. Айдаралиевтің әкесі:

-Бәрі  келіп жатыр. Ал  компаниядан ешкім төбе көрсеткен жоқ, кешірім де сұрап келген жоқ. Материалдық көмек те ешқандай көрген жоқпын.

Компания басшылығына қатты өкпелеген әкесі оларды сотқа беретінін айтып отыр. Сондай-ақ, марқұм болған оңтүстікқазақстандық студенттердің де денесі бүгін жерленді. Мұнда да көңіл айтып, көмек беріп жатқан ағайын-туыстарынан бөлек, сыныптастары мен университетте бірге оқыған жолдастары екен. Туыстарының айтуынша, студенттердің өрт ішінен қашып шығуына мүмкіндігі болған. Бірақ өрт сөндірушілер шығар есікті ашпай қойыпты.

Махмұт Молдияров, марқұм А. Зұлпыбековтің ағасы:

-Сыртқа шыққан бала айтты. Мен шырылдап жүгірдім дейді. Бірақ объектіні қоршап қойып ешкімді кіргізбей қойған.  Есікті ашуға мүмкіндік бар еді.

Өрт болған жерді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек те аралап көрді. Тиісті мекемелерге тапсырма беріп, оқиғаның мән-жайын тезірек анықтау жөнінде тапсырма берді. Ал «Алматы Тауерс» бизнес орталығының иелері қайғы жамылған әр отбасыға көмек ретінде өз тарапынан 3 миллион теңгеден берді.

Өрт тұтанған батут орталығының директоры да көмек көрсететінін айтқанымен, онысы іс жүзінде әлі орындалмаған. Сондықтан марқұмдардың туыстары онымен енді сотта жүздеспек.Естеріңізге сала кетсек, «Алматы Тауэрстегі» өрт жексенбі күні кешке болған еді. Соның салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың бесеуі аталған орталықта жұмыс істеп, ақша тауып жүрген студенттер болып шықты.

17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу